Әскери міндетін өтеушілерге жеңілдік қарастырылмақ
Әскери міндетін өтеушілерге жеңілдік қарастырылмақ
3 жыл бұрын 1439 Фото Egemen.kz сайтынан алынды

​​Әскери мерзімді қызмет өтеу кезеңінде әскери қызметшілерге несиеден уақытша босату, сарбаздардың отбасына коммуналдық қызмет ақысын төлеуде жеңілдік жасау көзделуде. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов мәлімдеді, деп жазады Kznews.kz жаңалықтар порталы Ernur.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, әскер қызметі саласында бірқатар бастама қолға алынып жатыр. Соның ішінде шұғыл әскерге қызығушылықты арттыру да бар. Атап айтқанда, кредиті бар шұғыл әскери міндетін өтеушілерді төлемнен уақытша босату, сарбаздардың отбасына коммуналдық қызмет ақысын төлеуде жеңілдік жасау сынды шаруалар атқарылады. Сонымен қатар білім беру саласында да жеңілдіктер қарастырылып жатыр. Одан бөлек, әскери міндетін өтеген соң оларды мемлекеттік органдарға жұмысқа орналастыру жоспары бар», — деді Сұлтан Камалетдинов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, шұғыл әскери міндетін өтушілердің білім алуына ерекше мән берілмек.

«Осы орайда біздің министрлік еңбек нарығында сұранысқа ие 16 мамандық бойынша оқытады. Оның қатарында трактор жүргізушісі, дәнекерлеуші, кран жүргізушісі, тағы сол сияқты мамандықтар бар. Осылайша жастар әскери міндетімен қатар, сұранысқа сай мамандықты меңгеріп шығады. Білімді міндетін өтеп жатқан әскери бөлім және әскери оқу орталықтарында алады», — дейді ол.

Қазақстанда теңізшілердің диплом алу ережесі өзгереді

Кеме капитанының, кезекші офицердің, кеме капитанының көмекшісінің кәсіби дипломын алу кезінде де өзгерістер енгізіледі. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі теңізшілерді аттестаттау қағидаларына өзгерістер дайындады, деп жазады Zakon.kz.

Атап айтқанда, диплом беру кезінде өтініш пен құжаттарды тапсырған күннің алдындағы соңғы бес жылдағы жүзу тәжірибесі ескеріледі.

Түсіндіргендей, бұл жаңалық теңізшілерді аттестациялау кезінде жүзу тәжірибесін есепке алуға қатысты сұрақтар туындайтынына байланысты. Сондықтан оны есепке алудың белгілі бір тәртібін бекіту орынды деп саналады.

Кеме капитанының, кезекші офицердің, кеме капитанының көмекшісінің кәсіби дипломын алу кезінде де өзгерістер енгізіледі.

Теңізшілерге диплом алу үшін шетел тіліндегі құжаттардың көшірмесі теңіз порты әкімшілігіне мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.

Мына құжаттар ұсынылады:

- Теңіз порты әкімшілігі басшысының атына өтініш;

- фото 3 x 4 см - екі дана;

- ҚР теңізшісінің жеке куәлігінің немесе матрос паспортының (болған жағдайда) көшірмесі;

- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

- қағидалардың 25-74-тармақтарында көзделген шарттарға сәйкестігі туралы құжаттардың көшірмесі;

- медициналық қорытындының көшірмесі; кәсіптік диплом бергені үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат.

Бұйрық жобасы 18 мамырға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.

0 пікір
Мұрағат