Аралар үшін тыңайтқыштың тағы бір түріне тыйым салынады
Аралар үшін тыңайтқыштың тағы бір түріне тыйым салынады
5 жыл бұрын 2125 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қазан айының 22-сі күні Еурокомиссия тыйым салынған тыңайтқыштар қатарын неоникотиноид пестицидімен толықтырды. Telegrafi албаниялық ақпарат агенттігі таратқан хабар мен келтірген дерекке қарағанда, аталмыш тыңайтқыш адамдардың денсаулығына да, араларға қауіпті. Аталмыш пестицидті оңды-солы қолданудың салдарынан кәрі құрлықта аралар қырылып жатыр. Қанатты жәндіктер өсімдіктердің тозаңдану процесіне тікелей араласатындықтан олардың қырылуы әрі санының азаюы адамзаттың өзіне таяқ болып тиеді. Бұрын Еурокомиссия клитианидинді, имидаклопридті және тиаметоксамды пайдалануға тыйым салған болатын. Өйткені, аталған тыңайтқыштар жәндіктердің жүйке жүйесіне теріс әсерін тигізетіні анықталған еді. Тыңайтқыш пайдаланылған өсімдікке қонатын аралар қырылып жатыр. Таяқтың екі ұшы бар - өнімді мол алу үшін қолданылатын тыңайтқыш екінші жағынан аралардың қырылып бітуіне апарып соқтыратын уға айналған. 

0 пікір
Мұрағат