|
Арал теңізінің түбіне сексеуіл егіліп жатыр
|
Көшеттерді егу Оңтүстік Корея Республикасының Орман қызметінің қолдауымен жүзеге асуда, деп жазды bag.kz порталы Kazakh-tv.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Тартылған арал аумағына сексеуіл егу жұмыстары осыдан екі жыл бұрын қолға алынған. Бұл мақсатқа 1,7 млн доллар қаржы бөлінді. Өсімдіктің бұл түрі тұз бен құмды тежеп, жел тұрғанда олардың ауаға көтерілуіне тосқауыл болады.
Жыл басынан бері теңіз аумағының 2,5 мың гектар жеріне сексеуіл егілген. Бұл жоба Оңтүстік Корея Республикасының Орман қызметінің қолдауымен Қазақстанның биоалуандылығын сақтау қоры арқылы іске асырылып жатқанын атап өткен жөн. Теңіз суы тартылған аумақтың 30 мың гектары зерттеліп, орман мелиорациялық жұмыс жоспары жасалды, - дейді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Рахымжан Бурабаев.
Жоба жоспары аясында 2018 жылдың қараша айында 5 мың гектар, 2019 жылдың наурыз айында 5 мың 800 гектар, 2020 жылдың көктем айында 2 мың 500 гектар жерге, жалпы есептегенде барлығы 13 мың 300 гектар жерге сексеуіл көшеттері егілген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2025 жылы 83 ауыл тарап кетті, ал 25 жылда 1,8 мың ауыл жойылған. Қазақстанда 90 елді мекен қала мәртебесіне ие
■
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
■
Әлемге әйгілі компания бизнес құрылымын өзгертеді
■
Африка үшін бәсекелестікте Қытай күтпеген жүріс жасады
■
Еуроодақ атылатын қарулар мен 3D-принтерінде басылған қарулар бойынша қылмыстық жауапкершілік енгізейін деп жатыр