Арабтар мен парсылар қазақ қойының етіне неге "жерік"
Арабтар мен парсылар қазақ қойының етіне неге "жерік"
5 жыл бұрын 4850 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Статистикалық мәліметке үңілсеңіз, соңғы екі жылда елімізден сыртқа шығарылатын, яғни, шетелге тасымалданатын қой етінің экспорты 10 есе артқан - 2016 жылы 0,3 мың тоннадан 2018 жылы 3 мың тоннаға жеткен. Жылына 150 мың тонна қой етін өндіретін еліміздің әлеуетімен салыстырғанда бұл мардымсыз көрсеткіш. Қазақ қойының еті көбінесе Таяу Шығыс елдеріне көп экспортталады екен. Арабтар мен парсылардың нарығында елімізде өндірілген қой еті "премиум-класс" өнімі ретінде өтімді. Әсіресе, арабтар мен парсылар тарапынан тоңазытылған қой етіне сұранысы жоғары. Өйткені, қазақ қойының еті Таяу Шығыстағы қой етіне қарағанда әлденеш есе дәмді. Жайылымның молдығы мен қой қорек ететін шөптесін өсімдіктердің әралуандығы қой етін дәмді ететін фактор болып табылады. Оның үстіне, қазақ қой еті - таза экологиялық өнім. Арабтар мен парсыларға жөнелтілетін қой еті халал стандартына сай, яғни, шариғат талабына сай сойылады. Қазақ ғалымдары ойлап тапқан Еділбай тұқымының етіне сұраныс жоғары. Мал шаруашылығында сиыр етіне қарағанда қой етіне сұраныс жоғары болып тұр. Бүгінгі таңда. 

0 пікір
Мұрағат