Ақтөбедегі теракт: Ауруханада екі адам қайтыс болды, төртеуі жансақтау бөлімінде
Ақтөбедегі теракт: Ауруханада екі адам қайтыс болды, төртеуі жансақтау бөлімінде
8 жыл бұрын 3454

Ақтөбенің жедел медициналық көмек ауруханасының бас дәрігері Рақымжан Арыстан терактіден кейін түскен науқастардың жағдайын баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігер ауруханада жалпы 18 науқастың болғанын айтты. Дүйсенбі күні таңғы уақытта бір лаңкес қайтыс болған, оған ота жасалған, бірақ ол ауыр жарақатынан көз жұмды. Сонымен қатар, бірінші күні лаңкестердің қолынан жарақат алған бейбіт тұрғын қайтыс болыпты. 

"Қалған он алты науқас тірі, ем қабылдап жатыр. Жаңа түскендер жоқ", - деді бас дәрігер.

"Жансақтау бөлімінде жатқан науқастар - әскери қызметкер және жол-патрульдік қызметінің қызметкері, олардың жағдайы тұрақты, ауыр, қатер жоқ. Қажетті ем жасалып жатыр, қазір ғана әңгімелестім, көңіл-күйлері жақсы. Ал жансақтау бөлімінде жатқан лаңкестің жағдайы бірқалыпты, оны күзетіп отыр. Хирургия және жарақат бөлімшелерінде жатқандардың жағдайы қанағаттанарлыққа жақын, бірақ қанағаттанарлық емес, толық көлемде ем алып жатыр", - деп хабарлады Рақымжан Арыстан. 


0 пікір
Мұрағат