АҚШ Ауғанстаннан неге кетпей отыр?
|
Ақпарат айдынында есе жібермеу үшін ақпарат майданында көп қитұрқылыққа баратын орыстардың дерегіне сенсек, АҚШ-тың Ауғанстаннан кетпеуінің себебі тәліптермен күресуде емес, басқада жатыр. Жергілікті халық елді басқыншылардан азат етуші деп білетін тәліптерді террорист деп танып, лаңкестермен күресуді желеу еткен АҚШ-тың Ауғанстанда құпия әскери базасы бар. Дәлірегі, Ауғанстан аумағындағы Мазар-шәріп маңында зымыранға қарсы шеп деуге келеді. АҚШ Ауғанстанды сол әскери базаны күзету үшін әскерін әкетпейді. Айта кетейік, америкалықтар құрып жатқан әлемдік зымыранға қарсы қорғаныс шебінің желісінің бір бөлігі осы Ауғанстанда болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұған қоса, америкалықтар террористермен күрестің артында Қытайдың және Ресейдің Орта Азиядағы ықпалын күшейтіп алмауды көздеп отыр.