Антимонополиялық комитет: «Эйр Астана" сұранысқа орай ойларына келген бағаны белгілеген
Антимонополиялық комитет: «Эйр Астана" сұранысқа орай ойларына келген бағаны белгілеген
9 жыл бұрын 3450

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік Жұманғарин «Эйр Астана» әуе компаниясына қатысты шешімге түсініктеме берді, деп хабарлайды inform.kz. «Өздеріңіз де білетіндей, таяуда «Эйр Астанаға» қатысты сәйкесінше тергеу болды. Нәтижесінде, әуе компаниясы нақты бір күні сұранысқа байланысты өте төмен және өте жоғары баға қолданатындығы анықталды. Қазір әуе компаниясы ұшу күнінде біршама жеңілдіктер жариялап, «Еркіндік» тарифін жасады. Әуе компаниясының ауызша сендіруінше, келесі жылы ең қымбат билеттер 10 пайызға арзандайтын болады. Өйткені, нарықты үнемі жабық ұстап тұруға болмайды. Сөз ашық әуе жайында болып отыр», - деді ол. Жұманғариннің атап өтуінше, Қазақстан «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу кезеңінде «ашық әуе» ұстанымын қолданатын болады. Бұл өзге елдердің әуе компанияларына Астанаға ұшып келуге мүмкіндік береді. «Лоукестерлер пайда болды, нарыққа «Победа» кірді. Лоукостерлер сегментіне «Бэк Эйр» кіреді. Жағдай барынша позитивті. Біз бұл сегменттің дамуына оптимистік тұрғыда қарап отырмыз», - деді ол.

0 пікір
Мұрағат