Анализдерді қалай тегін тапсыруға болады?
Анализдерді қалай тегін тапсыруға болады?
5 жыл бұрын 2790

Бағасы қымбат зерттеулерді де тегін тапсыруға болады. Бұл жайында ernur.kz ақпарат көзі хабарлады. 

Пациентті профилактикалық тексеруден өткізген дәрігер диагноз қою үшін белгілі бір анализдерді тапсыруға жолдама береді. Ол үшін талдау жасатуға тиісті көрсетілімдер болуы шарт.

Анализді тапсыруға жолдаманы профилактикалық тексеруден өткізу кезінде учаскелік дәрігер береді. Егер көрсетілімдер болса – салалық маманнан немесе учаскелік дәрігерден алуға болады.

Профилактикалық тексеру кезінде төмендегі анализдер тапсырылады:

- Жалпы қан және несеп талдауы;

- Копрограмма;

- Флюрография;

- Қандағы холестерин мөлшерін анықтайтын билхимиялық зерттеулер;

- Есту және көру қабілетін тексеру;

- Гемокульт-тест (үлкен дәретте жасырын қанды анықтау);

- Глюкоза мөлшерін анықтау.

Сонымен қатар, көрсетілімдер болған жағдайда туберкулезді анықтау үшін қақырық алу, биохимиялық зерттеу (АЛАТ,АСАТ, жалпы билирубин, креатинин), УДЗ және рентгенография көрсетілімдері болған жағдайда анализдерді тапсыруға болады.

Мұнан бөлек, бағасы қымбат зерттеулерді төмендегі санаттарға тегін тапсыруға болады:

- Жүкті әйелдер;

- 18 жасқа толмаған балалар;

- Ұлы Отан соғысының қатысушылары;

- Мүгедектер;

- Көп балалы аналар;

- Жасына қарай зейнетке шыққан зейнеткерлер;

- Әлеуметтік маңызы бар, жұқпалы аурулармен ауыратын науқастар және қоршаған ортаға қауіп төндіретін сырқаттармен ауыратындар (қымбат тұратын диагностикалық зерттеулер);

- Атаулы әлеуметтік көмек алушылар.

Науқасқа медициналық ұйым тарапынан тиісті жолдама берілмеген болса, онда шағымдану жолдарын ұсынып отырмыз.

- Егер науқасқа дәрігер дөрекілік танытса;

- Көрсетілген медициналық қызметтің сапасы мен көлеміне байланысты шағымдану;

- Тегін медициналық қызметті ақылы түрде көрсетілген жағдайда;

- Медициналық қызмет сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жөнінде ұсынысты.

Онда медициналық ұйымда жұмыс істейтін пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметіне жүгінуге болады. Ол үшін науқас өзі туралы мәліметтерді көрсете отырып, бас дәрігердің атына шағым жазуы қажет. MVOTER мобильдік қосымшасын жүктеп алып, Қордың медициналық тапсырыстарын орындаушы мекемелерге QR арқылы баға беруге болады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның fms.kz ресми сайтындағы «Халықтық бақылау» бөліміне https://fms.kz/kk/leave-complaint хат қалдыруына болады. Не болмаса Қордың әлеуметтік желілердегі мессенджерлерінде хабарлама жолдауға мүмкіндіктері бар. Айта кетерлігі, халықтан түскен өтініш-тілектерді өңдеп, тиісті шешімін табуына ықпал ететін Қордың 1406 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау соғуға болады. Медициналық сақтандыру қоры үшін әрбір науқастың өтініші мен бағасы маңызды.

0 пікір
Мұрағат