Алматыда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақта болған жолаушылар тізімі жарияланды
Алматыда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.  Ұшақта болған жолаушылар тізімі жарияланды
5 жыл бұрын 2976

Бүгін Bek Air әуе компаниясының Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы 2100-рейсі сағат 07:05-те ұшып, радардан жоғалып кеткен. Көп өтпей бортында 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған ұшақтың апатқа ұшырағаны белгілі болды. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматыдағы әуе апатының мән-жайын айтты:  "2019 жылы 27 желтоқсанда сағат 07:22-де Bek Air әуе компаниясының № Z2100 Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсі әуеге көтерілу кезінде биіктікті жоғалтып, бетон қоршауына соғылған. Нәтижесінде екі қабатты ғимаратпен соқтығысқан.

Бірден құтқару жұмыстары басталды, өрт шыққан жоқ. Әуе кемесінің жолаушылары мен экипажы эвакуацияланып жатыр. Қаза тапқандардың саны - 7. Премьер-министрдің тапсырмасымен Үкімет комиссиясы құрылды, оны вице-премьер басқарады. Комиссия құрамына индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі және басқа мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Комиссия оқиға орнына барады. Оқиғаның нақты мән-жайы мен себептері анықталады. Апат жағдайлары анықталғанға дейін осы типтегі әуе рейстері уақытша тоқтатылады.

Алдын ала мәліметтер бойынша бортта 95 жолаушы, экипаждың 5 мүшесі болған", - делінген хабарламада. Десе де қаза болғандардың саны нақтылануда. Telegram және WhatApp қолданушылары апатқа ұшыраған ұшақтың суреттерін әлеуметтік желіде жариялап жатыр

Алматы маңындағы әуе апатынан 14 адам қаза тапты

Bek Air ұшағының құлау салдарынан 14 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Bek Air әуекомпаниясының ұшағы (Z9-2100) 2019 жылы 27 желтоқсанда Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшып шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша, 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Ұшақ Талғар ауданының Әлмерек ауылына құлаған. Таңғы 7:43-те 103 пультіне қоңырау түскен, Алматы облыстық (Талғар және Іле ауданы) 16 жедел жәрдем бригадалары жөнелтілген Талғар ауданынан 5 бригада, Іле ауданынан - 6 бригада, Боралдай - 2 бригада және Еңбекші қазақ ауданынан 3 бригада.  

Алматыда 35 бригада жұмылдырылған. Екі нейрохирургиялық бригада жіберілген. 

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына 5 науқас жеткізілді, жағдайы өте ауыр. Алматы қаласының және Алматы облысының (Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарының, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының) стационарлары мобилизацияланған және зардап шеккендерді қабылдауға дайын.

Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына 8 бала политравалармен санада жеткізілді.
ЖМК-ға политравмамен 5 ересек жеткізілді. № 4 ҚКА өте ауыр жағдайда 17 науқас жеткізілді. Оқиға орнында қаза болғандар 14. Медициналық ұйымдардан барлық психологтар жұмылдырылған.

Осы әуе апатынан кейін, Fokker-100 ұшақтарына ұшу рейстері тоқтатылды. 

Алматы маңындағы әуе апаты: Ұшақта болған жолаушылар тізімі жарияланды

Алматы маңындағы әуе апатында ұшақта болған 93 жолаушының тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жолаушылар қатарында 3 сәби болған. Тағы бес адам - экипаж мүшесі. 

Жолаушылар тізімі:

1. Удербаева Кымбат
2. Омаров Ринат
3. Теменов Айбар
4. Нурбеков Абай
5. Нурбекова Мариям (бала)
6. Бекжанова Нагима
7. Жайгашты Адиль (бала)
8. Жайгашты Али (бала)
9. Нурбекова Адина (бала)
10. Калиев Бауржан
11. Туматов Каирхан
12. Аманжол Сания
13. Кайдаров Рустем
14. Баймурат Нурислам
15. Набиев Эдик
16. Ануфриев Валерий
17. Сон Юрий
18. Сон Яна
19. Баимбетова Гульнар
20. Асташов Николай
21. Аманов Серик
22. Исина Арман
23. Мукашева Салтанат
24. Жумаханов Шынгысторе
25. Ибраев Дархан
26. Рахимжанова Алия
27. Сиделковский Андрей
28. Карибаева Базархан
29. Кожабергенов Даулет
30. Ерман Марал
31. Бекмаганбетов Бахытжан
32. Круглова Дана
33. Нурахметова Шынар
34. Оспанова Амина
35. Абилев Жанат
36. Дедов Виталий
37. Карнаева Надежда
38. Жанболатова Бекзат
39. Клыков Матвей
40. Назаралиев Аслан
41. Каипбергенова Гульнара
42. Мажкенова Алтын
43. Кошенова Гульнура
44. Нурхамит Тилеулес
45. Жанбосынова Динара
46. Даулет Динара
47. Ескеров Жандос
48. Акмаганбетова Асем
49. Сагимбеков Арман
50. Куралбай Айгерим (бала)
51. Тулебаев Нурлан
52. Тулебаева Анар
53. Куралбай Дамели (сәби)
54. Зубов Виктор
55. Зубова Галина
56. Жолдыбаев Бекзат
57. Орынбаев Нурдос
58. Еримбетов Сарсенбек
59. Айболатова Зухра
60. Омарова Айман
61. Иминова Зульфия
62. Абдисаттар Жанкозы
63. Ахболат Даваа
64. Усен Саттыгуль
65. Ахболаткызы Асылым (сәби)
66. Абильдаева Асель
67. Сериков Мейрамбек
68. Гатиат Айсулу
69. Гатиат Максут
70. Гатиат Адильжан (сәби)
71. Алекперов Олег
72. Девичинская Ольга
73. Мурат Латипа
74. Салтанат Талап
75. Салтанаткызы Уларшынг
76. Габдыжамалова Зубаржат
77. Каратеев Иван
78. Куаншалин Марат
79. Утепов Еркин
80. Мамиев Мурат
81. Сейпилов Ильяс
82. Егамбердиев Наби
83. Попков Андрей
84. Кулгавый Евгений
85. Нуерлан Маолина
86. Абаганова Назым
87. Алимхан Нурболат
88. Адаев Еркебулан
89. Акишева Гулим
90. Асырова Анара
91. Нурманова Сауле
92. Нурманов Асхат
93. Кадауов Темирлан

Еске салайық, бүгін таңда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Кейін желіде құлаған ұшақтың суреттері тарала бастады. Артынша Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған. Тоқаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан болатын. 

Артынша ІІМ ТЖК қаза тапқандар саны артқанын мәлім еткен. Апат салдарынан тоғыз адам қаза болған. Ұшақ апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің тізімі жарияланған.

0 пікір
Мұрағат