Алматыда діни бірлестіктің мүшесі 10 жылға сотталды
Алматыда діни бірлестіктің мүшесі 10 жылға сотталды
9 жыл бұрын 2863 Baq.kz

Алматы қаласында «Сенім. Білім. Өмір» діни бірлестігінің мүшесі сотталды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады. 

Аталған экстремистік ұйым 2002 жылдың мамырында тіркелген. Оның басшылары мен жетекшілері 2011 жылдың қазанында ұсталып, Алматы ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен түрлі мерзімге сотталған болатын.

Олардың бірі, іздеуде жүрген М.Нысанбаев 2015 жылы Алматыда ұсталды.

Іс материалдарына сәйкес, 2002-2010 жыл аралығында М.Нысанбаев аталған діни бірлестіктің филиалында күзетші болып қызмет атқарып келген. Осы уақыт аралығында ол өзінің әріптестерімен бірге 9 адамды ұрлап кеткен. Оның ішінде кәмелетке толмаған бала бар.

Олар ұрланған адамдарды қинап, абыройын таптап, денсаулықтарына нұқсан келтіргені анықталды. Салдарынан жапа шеккендердің біреуі қайтыс болса, екіншісі өзіне қол жұмсады.

Қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған соты М.Нысанбаевты ҚР ҚК 337-бабының 3-бөлімі бойынша (экстремистік топтың құрамында әрекет етіп, адамның жеке басына, қоғам тәртібіне, қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстарға қатысқаны үшін) айыпты деп тауып, 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. 

0 пікір
Мұрағат