Алматыда болған антитеррористік операция: Хронология (фото+видео)
Алматыда болған антитеррористік операция: Хронология (фото+видео)
8 жыл бұрын 3249 Tengrinews.kz

Алматыда таңғы сағат 10.00-де бірнеше ауданда атыс болды.

10.15. Алмалы аудандық ІІБ маңы қоршауға алынғаны туралы алғашқы хабарлама келіп түсті. Никольский базарының аумағында атыс болған. Бұл жерде аудандық полиция басқармасы орналасқан. Сонымен қатар, куәгерлер көрші ғимараттардағы адамдарды кеңселерінен шығармай отырғанын айтты. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының жеті қызметкері жансақтау бөлімінде жатқаны туралы ақпарат пен жедел жәрдем қызметкерлерін қаруланған топтың қоршауға алғаны хабарланды.

Куәгерлердің айтуынша, белгісіз ер адам автоматпен Қарасай батыр көшесінен Байтұрсынов көшесіне жүгіріп өткен. Кейіннен оның артынан полицейлер қуып барды.

Кейінірек ҰҚК Департаментінің ғимараты қоршауға алынғаны туралы хабарлама түсті. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем мен полиция ғимарат алдына келіп тұрған, жарақат алғандар туралы айтылды.

Сағат шамамен 11.15-те Абылай хан көшесі Төле би көшесінен төмен жақта күдіктілердің бірі ұсталды.

11.30. Қаладағы барлық қару-жарақ дүкені жабылды.

Полициядағылар антитеррористік операция өтіп жатқандықтан алматылықтардан үйден шықпауды сұрады.

12.20. Қалада антитеррористік қауіптің қызыл деңгейі енгізілді.

12.37. Алматы-1 вокзалы қоршауға алынғаны туралы ақпарат келіп түсті.

13.20. Алматы полицейлері қаза тапқандардың ішінде полицейлердің бар екенін растады. ІІД мәліметінше, полицейлерге оқ атқан қылмыскерлердің біреуі ұсталып, екіншісі іздестіріліп жатыр. 

 

13.44. Алматы әуежайы штат режимінде жұмыс істеді. Қауіпсіздік шаралар күшейтілді.

13.53. ҚР ІІМ өкілдері Алматыда атыс кезінде бейбіт тұрғынның қаза тапқанын растады. 

18 шілдеде сағат 11-де Алматыда қаласының ІІД Алмалы аудандық ІІБ-на шабуыл жасалмақшы болған уақытта посттағы полицей оқ жарақатын алған болатын. Ал оны атқан қылмыскер полицейдің автоматты қаруын алып, оқиға орнынан кетіп қалған.

"Қылмыскерді қуу кезінде оның "Боран" полиция экипажынан ұрлап алған қаруы болған. Салдарынан патрульдік экипаждың екі қызметкері оқ жарақатын алды. Кейінірек "Қазақконцерт" АҚ аумағында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Оның кім екені анықталды", - деді ҚР ІІМ баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, қылмыскерді ұстау кезінде 2 полиция қызметкері оқ жарақатын алды.

"Өкінішке қарай, осыған дейін қылмыскер қала тұрғының жеңіл көлігін тартып алмақ болған. Салдарынан көлік жүргізушісі жарақат алып, оқиға орнында қаза тапты. Сонымен қатар, ауруханаға барар жолда үш полиция қызметкері қайтыс болды", - деді ҚР ІІМ баспасөз қызметіндегілер. Айта кетейік, полицияның барлық қызметкері ұсталған қылмыскердің сыбайласын іздестіруге бағыт-бағдар берді.

14.00. Қаладағы ірі банк бөлімшелері жабылды.

14.17. Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында атыстан кейін күзет қызметі күшейтілді.

14.19. "Жұлдыз" ықшамауданында шабуыл жасалды делінген қауесет расталмады. Ол туралы Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб хабарлады. "Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб хабарлайды: қаланың әр бөлігінде ("Жұлдыз" ықшамауданы, Бостандық ауданындағы Spa-орталық) шабуыл жасалды делінген қауесет жалған. Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб тыныштықта сақтап, негізсіз байбаламға салынбауды сұрайды", - делінген хабарламада.

15:00 Желіде атыс шығарған ер адамның видеосы жария болды. Куәгер 18 шілдеде видеотіркеу камерасына жазылған видеоны жолдады. Видеодан Байзақов көшесімен Абай даңғылына қарай бұрылайын деп жатқан көлікке қарсы бір қарулы ер адамның шығып, оқ атқаны бейнеленген. Алайда жүргізуші не болғанын түсінбеген сияқты. Куәгерлердің айтуынша, бұл қылмыскер жерасты өткеліне түсіп кеткен. Бұдан кейін не болғаны белгісіз.

15:00 Қазақстан телерарналары эфирге шықты.

 

0 пікір
Мұрағат