Алматыда атыс ашқан қылмыскер сәләфиттермен жақын болған – ҰҚК
Алматыда атыс ашқан қылмыскер сәләфиттермен жақын болған – ҰҚК
8 жыл бұрын 2624

Ақордада өткен Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Владимир Жұмақанов Президентке Алматыдағы Алмалы аудандық ішкі істер мен ұлттық қауіпсіздік департаменттеріне шабуыл жасаған қылмыскер туралы айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz порталы.

Оның айтуынша, 1990 жылы маусымның 11-і күні туған Күлікбаев Руслан Алпысбайұлы - Қызылорда облысының тумасы. Бұрын Байқоңыр қаласында тұрған. Үйленген. «Соңғы уақытта Алматы облысы Іле ауданының Ынтымақ ауылында тұрып келді. Сол жерде ұялы телефондар саудасымен айналысты. 2010 жылы тамыздың 27-сі күні Шымкент қаласы Еңбекшілер аудандық сотының шешімімен ҚР Қылмыстық кодекстің 178-бабы, 2-тармағы (Зорлық-зомбылық белгілері бар қарақшылық жасау) бойынша кінәлі деп танылды. Ал 2012 жылы мамырдың 8-і күні Қызылорда қалалық сотында 251-бабы (Қару-жарақты заңсыз сақтау және қолдану) бойынша 2 жыл 11 айға сотталған болатын. Түрмеде, колонияда ол сәләфиттермен жақындасып кетті. Қазір анық-қанығын зерттеп жатырмыз», - дейді В.Жұмақанов.

0 пікір
Мұрағат