|
Алматы-Ташкент бағытында жаңа "Тұлпар-Тальго" жүрдек пойызы жолға шығады
|
Алматы-Ташкент бағыты бойынша жаңа "Тұлпар-Тальго" жүрдек пойызы қатынайтын болады. Бұл жайында "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы хабарлады. Екі елдің теміржол компаниялары мүмкіндігі шектеулі жандарды және оларды алып жүретін тұлғаларға 70 пайыз жеңілдік беру туралы келісімге келді. "Еске салайық, наурыз мерекесі қарсаңында №1/2 "Алматы-Ташкент" бағытындағы пойыз жолға шығады. Пойыз жаңа модификациядағы кең шанақты "Тұлпар-Тальго" вагондарынан тұрады. Пойыз Алматыдан дүйсенбі және сенбіде, ал Ташкенттен сейсенбі және жексенбі жүретін болады. Жол уақыты 16 сағат 30 минуттай. Жолда тоқтайтын бекеттер: Отар, Шу, Тараз, Шымкент, Сарыағаш және Ташкент", - дейді компания өкілдері.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр