Аллаға деген сеніміне селкеу түсірмеген Батырхан Шүкенов
Аллаға деген сеніміне селкеу түсірмеген Батырхан Шүкенов
10 жыл бұрын 10457

Ердің жасы – 52-де жүрегі сыр беріп, дүниеден озған, елдің сүйіктісіне айналған “А’Студио” тобының дарынды әншісі Батырхан Шүкенов өмірінің соңғы кезінде бес уақыт намаз оқымаққа ниеттенгенін біреу білсе, біреу білмес. Орны ойсырап қалған, қазақ өнерінің құйрықты жұлдызындай ағып өте шыққан, қазасымен қалың елдің қабырғасын қайыстырып кеткен Батырхан Шүкеновтың намаз оқитынын марқұмның көзі тірісінде Қазақстанның саз порталына берген сұхбатынан білдік. «Егер біз дін жайында айтсақ, иман келтірсек – бұл ойланып барып жасалған қадам дер едім. Соңғы екі-үш жылдың көлемінде менің төңірегімдегі адамдар бұрыннан тура жолға түскен адамдар болды. Олармен дидарласып, тілдесудің өзі бір ғанибет, көкірек көзімді ашты. Өзім де ислам дінін үлкен қызығушылықпен зерделей бастадым. Бұл тақырыпта мағлұмат алу мүмкіндігі пайда болды – кеңестік кезеңде бұл мүмкін емес еді»,- деген еді марқұм ағынан ақтарылып. Ол бірте-бірте намазға жығылатынын айтып жүрген екен. «Намаз оқуды бастау, діни парыздарды нақты орындау – шешуші қадам. Әлі шешім қабылдамасам да, жақын арада ден қоятыныма үміт артамын. Қанша дегенмен менің өмірім осыған келіп тірелді. Мен мұсылман отбасында өмірге келдім. Маған ислам жат емес. Бұл ана сүтімен сіңген, туғаннан бар сенім»,- деген еді ол сөзін сабақтап.

Islam.kz порталының ұжымы Батырхан Шүкеновтың қазасына қайғырып, туған-туыстарына, еліміздің азаматтарына көңіл айтады. Алды – жарық, арты – кеніш болғай марқұмның. Пейіште нұры шалқысын.

11 пікір
  • Алла рахым етсын
    10 жыл бұрын
  • Батырхан қарапайымдылығымен елді өзіне баурап алды. Ешқандай атағы болмаса да халық оны ұмытпайды. Бала кезімізден Батырдың әндерімен сусындадық. Осы жаңалық қана мені қуантты. Алладан Жаннаттық етуін сұраймыз.
    10 жыл бұрын
    • Батырхан ағамызға үкімет атақ бермесе де, Халық бұрыннан бағалап қойған еді!
      Аса қамқор ерекше мейірімді Аллам - ағамыздың жатқан жерін жайлы, топырагын торқалы етсін!
      10 жыл бұрын
  • Ағамызға бір Алла жар болып, иманы жолдас болсын!
    10 жыл бұрын
  • Oljas
    "Аллаһ жаратты Аллаһым алды !!!"
    иманы жолдас болсын,Аллаһ жарылқасын
    10 жыл бұрын
  • إنا لله و إنا إليه راجعون "Бiз Алланыкiмiз, және барлығымыз сол жаққа қарай кайтамыз"
    10 жыл бұрын
  • Ұстамды, қарапайым, тәрбиелі, аса мәдениетті, өте дарынды болған бауырымыз...
    Алладан рақымшылық болсын деп дұға етейік, қазақтар
    10 жыл бұрын
  • Жатқан жері жайлы,топырағы торқа болсын. Анасына, барлық туыстарына Алла сабыр берсін.
    10 жыл бұрын
  • Неге барлық жерде ақтық сапарға майшаммен (свеча) шығарып салып жатыр? Бұл исламда бар нәрсема өзі?
    10 жыл бұрын
Мұрағат