Әлеуметтік желідегі заңға қайшы пікірлер үшін қандай жаза қарастырылған?
|
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми өкілі Альбина Әтей әлеуметтік желілерде пікір жазудың жауапкершілігі туралы айтып берді. Альбина Әтей брифинг барысында "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңға сәйкес, интернет-ресурс БАҚ қатарына жататынын, ал онда жарияланған ақпарат БАҚ өнімі болатынын мәлімдеді. "Осылайша, кімге тиесілі екеніне қарамастан, интернет-ресурста, соның ішінде әлеуметтік желіде жарияланған ақпарат нақтылау талаптарына сай, заңды және жеке тұлғаның заңды құқықтары мен мүдделеріне қайшы болмауы керек", - дейді министрлік өкілі. Сондықтан заңды және жеке тұлға, ұйымдарға немесе заңмен қорғалған қоғамдық мүдделерге қайшы болатын ақпаратты таратушы адамға 5000 АЕК айыппұл салынады немесе ол екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Министрлік өкілінің сөзінше, ақпаратқа қатысты қалдырған пікірлер өзге тұлғаның ар-намысына тиетін жалған мәлімет болса, ол үшін 2000 АЕК айыппұл салынады немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады.