Әкесіз бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналарға мемлекеттен қандай көмек көрсетіледі?
|
Статистика бойынша Қазақстанда әр үшінші ресми некенің соңы ажырасуымен аяқталады. Азаматтық некедегілердің де жағдайы жақсылықпен аяқталып жатпайды. Қоғамда өзі үшін бала туып алатын немесе ажырасқан, жесір әйелдер көп.
Осы сияқты жалғызбасты аналар мемлекеттен қандай көмек ала алады. Бұл туралы yk-news.kz анықтап білді.
Қазақстанның заңдарында «жалғыз ана» деген ұғым жоқ. Алайда «толық емес отбасы» деген термин бар. Сондықтан, не насынан болмаса әкесінен айырылған отбасы мемлекеттен көмек алып жатады. Дегенмен, қандай да бір жеңілдіктер немесе бюджеттен төленетін төлемдердің атына қарамастан, ол көмекті жалғызбасты аналар ала алмайды. Олар мемлекет тарапынан балаға арналған жеңілдіктерді пайдалана алмайды. Бірақ басқа себептер бойынша кейбір жалғызбасты әкелер мен аналар мемлекеттік көмекті қолданып жатады.
Қоғамда қыздардың жігіттерге алданып, артынша бала туып жататыны көп. Олар жаңа туылған нәрестеге амалсыздан өз тегін беріп жатады. Қыздарымыздың көбі жігіттердің заңсыз туылған баланы асырауға міндетті екенін білмей жатады. Ананың жалғыз басты екеніне қарамастан, жігіт балаға көрсетілетін көмекті мойнына алуға міндетті.
Егер,ол нәрестені мойындаудан бас тартса, ондай кезде сотқа жүгінген дұрыс. Баланың әкесі, тіпті, шет ел асып кетсе де немесе тегін өзгертіп жатса да заң бойынша балаға алимент төлеуге міндетті. Алиментке байланысты екі жақ өзара келісім жасаспаса, сот жауапты адамды тиісті көмекті төлеуге міндеттейді.