"Әйелдер тек түске дейін ғана жұмыс істесе..."
"Әйелдер тек түске дейін ғана жұмыс істесе..."
8 жыл бұрын 3207 tengrinews.kz

Қазақстанның Коммунистік халық партиясының Астанадағы филиалының бірінші хатшысы Марат Әубәкіров гендерлік саясат мәселелерін талқылау барысында әйелдердің жұмыс кестесін қысқартудың қажеттілігіне тоқталды.

"Кейбіреулер әйелдерге түске дейінгі жұмыс уақытын беріп, ал түстен кейін балаларының тәрбиесімен айналысуға мүмкіндік беру керек, дейді. Мұның да бір мәні бар шығар. Бірақ, сіздер, әйелдер, бұл тақырыпты түсіне бермейсіздер, Президентке, үкіметке осы мәселені айтып бармайсыздар. Кім біледі, жұмыс тәртібін осылай ететін әлемдегі тұңғыш ел болармыз? Алайда, батыста жұмыс кестесі бұлай құрылмаған, бізде, мәселен, 9-дан 18.00-ге дейін", - деді ол.

"09.00-ден 18.00-ге дейін нақты жұмыс кестесін құру міндет емес немесе 20.00-ге дейін деп. Еркін кесте әйелдерге қажет", - деп атап өтті Марат Әубәкіров. 

Гендерлік зерттеулердің қорытындысын талқылау барысында "Қазақстанның тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер институты" қоғамдық қорының президенті гендерлік саясатты әйелдермен ғана байланыстырмау керек екенін айтты. Таяуда өткізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша ер адамдардың да проблемасы бар.

"Иә, әйелдерге көмектесу керек, олардың проблемасы бар. Бірақ, біздің зерттеуіміз бойынша, ер адамдардың да проблемасы бар. Мәселен, ең негізгі көрсеткіш, дискриминация жайлы айтсақ, ер адамдар елімізде аз өмір сүреді, әйелдерге қарағанда 11 жылға аз. Әйелдер көп өмір сүреді", - деді "Қазақстанның тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер институты" қоғамдық қорының президенті Маргарита Өскембаева. 

Ол мұның себебі көп екенін айтты. Бұл - ер адамдардың зиянды әдеттерге жақын болатыны, ауыр өндіріс салалары мен физикалық еңбек. Мұның барлығы, маманның айтуынша, ерлердің өмірін айтарлықтай қысқартады. 

Қазақстанда қазіргі уақытта жұмыс кетесі мәселесі кең талқыланып жатыр. Мәселен, білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мемлекеттік қызметкерлерді жұмыстан балаларына ерте жіберуді ұсынды. Оның пікірінше, ата-аналардың балаларының алдындағы жауапкершілігі жұмысында көп уақыт болатындығына байланысты азайып отыр.

0 пікір
Мұрағат