Әйел жұмысқа шыққанда бала күтіміне байланысты жәрдемақы қысқара ма? Министрлік жауап берді
Әйел жұмысқа шыққанда бала күтіміне байланысты жәрдемақы қысқара ма? Министрлік жауап берді
5 жыл бұрын 2502

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баланың бір жасқа дейінгі күтіміне байланысты жәрдемақыны алушы жұмысқа шыққан жағдайда, жәрдемақының қысқаратыны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Бұл норма бұған дейін аталған заңның жобасында болған еді. Алайда, қоғамның пікірі мен мемлекеттің аналар мен балаларды қолдауға бағытталған саясатын ескеріп, депутаттардың ұсынысы бойынша бұл норма заң жобасынан алынды», - дейді министрліктің баспасөз хатшысы Қанат Күлішманов. 

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінетін төлемдерді мемлекеттік жәрдемақы деңгейіне дейін төмендету ұсынылған еді. 

Ананың бала күтімен байланысты декреттік демалысы кезінде мемлекет оның декретке дейін аударған әлеуметтік төлемдерінің мөлшерінде БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы салымдарын қосымша енгізіп отырады.

0 пікір
Мұрағат