Әділет министрі қандай куәліктерді онлайн алуға болатынын айтты
Әділет министрі қандай куәліктерді онлайн алуға болатынын айтты
5 жыл бұрын 2450 Даурен Ерболат

Әділет министрі Марат Бекетаев қазақстандықтар бірқатар мемлекеттік қызмет түрін электрон форматта ала алатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызмет көрсету саласында тіркеу тәртібін айтарлықтай оңайлату, құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқарту, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру бойынша шаралар қабылданған.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін азаматтық хал актілерін тіркеудің барлық түрлері бойынша эксаумақтық қағидат енгізілді. Енді, қандай да бір куәлік алу қажет болған жағдайда, қай өңірде туғанына, тіркелгеніне немесе тұрғанына қарамастан, адам ол құжатты кез келген тіркеуші органнан қалауы бойынша ала алады", - дейді министр халыққа есеп беру кездесуінде.

Сондай-ақ, Марат Бекетаев мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын сот шешімі, медициналық куәлік, Қазақстанда тіркелген акт жазбалары туралы мәліметтер сияқты құжаттарды азаматтарға ұсыну қажеттілігі алынып тасталды.

"Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға байланысты азаматтық хал актілерін тіркеудің кейбір түрлері алынып тасталды. Екі куәлік: бала асырап алу немесе әке болуды анықтау және туу туралы куәліктің орнына тіркеуші орган баланың дербес деректері мен оның ата-аналары туралы деректерді қамтитын баланың тууы туралы бір ғана куәлік береді", - дейді ол.

0 пікір
Мұрағат