Әділбек Жақсыбеков Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды
|
Әділбек Жақсыбеков ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды BNews.kz.
«Елбасы Президент Әкімшілігінің басшылық құрамына жаңа басшы Ә.Жақсыбековты таныстырды», - деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі Твиттердегі аккаунтында.
Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков 1954 жылы Қостанай облысында туған.
1978 жылы Бүкілодақтық кинематография (Мәскеу қ.) мемлекеттік университетін тәмамдаған.
1987 жылы Плеханов атындағы халық шаруашылығ институтында «материалдық-техникалық жабдықтаудың ұйымдастырушысы» мамандығы бойынша қайта даярлықтан өткен.
1988-95 жылдары – көпсалалы «Цесна» корпорациясының басшысы.
1995 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына сайланады.
1996 жылы Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалады.
1997 жылдың желтоқсанынан 2003 жылдың маусымына дейін Астана қаласының әкімі болды.
2003 жылдың шілдесінен 2004 жылдың желтоқсанына дейін – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі.
2004-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы.
2008 жылдың қаңтарында "Нұр Отан" халық демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
2008 жылдың қараша айынан – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2009 жылдан – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.
2014 жылдың қазан айынан бүгінгі күнге дейін Астана қаласының әкімі қызметін атқарды.