8 мыңнан астам мал қырылды: Өтемақыны қалай алады?
8 мыңнан астам мал қырылды: Өтемақыны қалай алады?
9 ай бұрын 729 naryk.kz

Су тасқыны кезіндегі шығынды барынша азайту бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыс әкімдіктерімен бірлескен әрекетімен 88 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз аумаққа айдалып шығарылды. Бұл туралы naryk.kz ақпарат көзі хабарлады. 

Жедел деректер бойынша өлген мал саны 8,1 мың бас, оның ішінде ұсақ мал – 6 мың, ірі қара – 1,5 мың, жылқы – 514 бас. Республикалық эпизоотияға қарсы отряд тұрақты эпизоотиялық жағдайды сақтау мақсатында жануарлардың өлекселерін жою жұмыстарын қарқынды жалғастыруда.

Бүгінгі таңда 4,1 мың бас өлген малдар жойылды. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша бұл жұмыс күшейтілген режимде жалғасатын болады.

Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабпен өлген мал иелеріне өтемақы төлеу алгоритмі әзірленіп, бекітілді.

Меншік иелері мен залалды анықтау және басқа да мәселелерді шешу үшін өңірлерде жергілікті атқарушы органдармен шығынды анықтау жөніндегі комиссиялар құрылды.

Су тасқыны салдарынан өлген ауыл шаруашылығы жануарларының иелері малдары туралы мәліметтерді көрсете отырып, жергілікті комиссияға өтініш беруі керек.

Ауыл шаруашылығы жануарларына меншік құқығы комиссиялардың актілерімен расталады.

Меншік иелеріне өтемақы мөлшері Ұлттық статистика бюросы жариялаған жануарлардың түрлері, жынысы мен жас шамасы бойынша нарықтық құны туралы мәліметтер негізінде айқындалатын болады.

0 пікір
Мұрағат