30 мың адамға рақымшылық жасалуы мүмкін
30 мың адамға рақымшылық жасалуы мүмкін
7 жыл бұрын 2225

«Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасына сәйкес сотталған 30 мыңдай адам рақымшылыққа ілігуі мүмкін. Бұл туралы журналистерге Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты.

Baq.kz хабарлағандай, «қазір ешкім адам санын нақты айта алмайды. Бұл заң жобасын дайындаған мемлекеттік орган – Бас прокуратура. Олардан келіп түскен мәлімет бойынша жобасы 30 мыңдай сотталушы рақымшылыққа ілігуі мүмкін», – дейді Нұрлан Әбдіров.

Оның айтуынша, экономикалық қылмыс жасағандар да келтірген залалын толық өтейтін болса, рақымшылыққа ілігуі мүмкін екен.

«Бұл жерде нақты нормалар көрсетілген. Ол нормаларға азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын, кәмелетке толмағандарды, жүкті әйелдерді, кәмелет жасқа толмаған балалары бар әйелдерді, қарт адамдарды, мүгедектерді, болмашы және ауыр емес қылмыс жасаған адамдар енеді. Тіпті, ауыр қылмыс жасағандарға да жеңілдік болуы мүмкін. Жалпы өзі алты категория. Сот шешімі бойынша бұлардың өтелмеген жазасының жартысын алып тастау мүмкіндігі жоғары. Сонымен қатар, өтелмеген жазасының 4/1 бөлігін алып тастау мүмкін. Сондай-ақ, экономикалық қылмыстар, оның ішінде ауыр қылмыс жасағандардың жазасын алып тастайды. Егер олар келтірген экономикалық залалын толық өтейтін болса», – дейді ол.

0 пікір
Мұрағат