28 желтоқсан жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды
28 желтоқсан жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды
5 жыл бұрын 3032 azattyq-ruhy.kz

Бұл туралы ақпаратты ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жариялады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады», - деп жазды Берік Уәли. 

Жалпыұлттық аза тұту күні — қайтыс болған азаматтардың қазасы үшін қайғыру рәсімі. Ұлттық аза тұту күнінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы төмен түсіріледі.

Жалпыұлттық аза тұту күнінде республика бойынша барлық ойын-сауық іс-шаралар кейінге шегеріледі.

Бұл күні марқұм болған азаматтардың игі істері, қайырымдылығы еске алынып, бір минуттік үнсіздік жарияланады. 

Бүкіл ел болып қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтып, аза тұту арқылы олардың қайғысын бірге бөлісу қажет.

Мемлекет бойынша барлық БАҚ-тың бағдарламасына өзгерістер енгізіліп, жарнама көрсету тоқтатылады. 

0 пікір
Мұрағат