2,5 мыңға жуық қазақстандық бүйрек ауыстыруға мұқтаж
2,5 мыңға жуық қазақстандық бүйрек ауыстыруға мұқтаж
8 жыл бұрын 3218 inform.kz

Алматыда 2011-2016 жылдар кезеңінде өз органының бөлігін ерікті түрде сыйлаған донорлар марапатталды. Шараға донор мен реципиент ретінде бауыр ауыстырған 80-ге жуық адам қатысты. Олар «Бауырымды бауырыма сыйлаймын» медалімен марапатталды. А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандары әзірлеген медальмен адам өмірін ұзартуға өлшеусіз үлес қосқан жандар марапатталды.

2,5 мыңға жуық қазақстандық бүйрек ауыстыруға мұқтаж - дәрігер

Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы басқармасының төрағасы, Алматының бас трансплантологы Болатбек Баймаханов қазір Қазақстанда 5 мыңнан астам науқас диализде екенін, оның 2,5 - мыңға жуығы бүйрек ауыстыруға мұқтаж екенін айтты. Тағы 500-ге жуық адам бауыр ауыстыруға, 45-50-ге жуығы жүрек ауыстыруға мұқтаж.

2,5 мыңға жуық қазақстандық бүйрек ауыстыруға мұқтаж - дәрігер

Сондай-ақ, бауыр ауыстыру - жүргізіліп жатқан оталардың ішіндегі ең күрделісі екенін түсіндірді. «Бауыр - қантүзу органы. Ота қан жоғалтпай, асқындырып алмай жасалуы қажет. Кейіннен оның денсаулық жағдайына кері әсері болмауы қажет. Тек 30 пайыз бауыр рецпиентте қалады, ол дене көлеміне жеткілікті болуы тиіс. Бауыр жетімсіздігімен проблемалар болмау үшін әр донорға 60-70-ке жуық зерттеу жүргізіледі», - деді маман.

2,5 мыңға жуық қазақстандық бүйрек ауыстыруға мұқтаж - дәрігер

«Жарақаттан 30 мыңға жуық адам қаза болады, оның 3 мыңы бауыр жарақатынан. Адамдар, команда жеткілікті жоғары деңгейде ота жасауға әзір. Мемлекет - дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді. Қоғам бұның маңызды екенін түсінуі қажет», - деп қосты ол. 

2,5 мыңға жуық қазақстандық бүйрек ауыстыруға мұқтаж - дәрігер2,5 мыңға жуық қазақстандық бүйрек ауыстыруға мұқтаж - дәрігер

0 пікір
Мұрағат