2026 жылы жеке кәсіпкерлікті қалай жабуға болады?
2026 жылы жеке кәсіпкерлікті қалай жабуға болады?
2 күн бұрын 181 naryk.kz

2026 жылғы 1 қаңтар мен 28 ақпан аралығында қызметті тарату, қайта ұйымдастыру немесе тоқтату туралы шешім қабылдау кезінде тіркелген шегерімді, бөлшек салықты пайдалану, оңайлатылған декларация негізінде 2025 жылы арнаулы салық режимдерін (АСР) қолданатын салық төлеушілерге қызметті дұрыс аяқтау үшін:

1. салық есептілігін ұсыну

2025 жылғы 4 тоқсанға немесе 2025 жылғы 1 жартыжылдыққа (режимге байланысты) «кезекті» түрінің белгісі бар декларация тапсыру;

2. қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада 2-бөлімде мынаны белгілеу:

  • ауысу туралы

«А Оңайлатылған декларация негізінде АСР» немесе «С жалпыға бірдей белгіленген тәртіп»;

  • себебі

«А ерікті түрде шешім қабылдау».

Таңдалған режимді қолданудың басталу күні 2026 жылғы 1 қаңтар болып есептеледі;

3. қызметті тоқтату рәсімін жүзеге асыру, атап айтқанда:

  • қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш беру;
  • 2026 жылғы 1 жартыжылдықтағы тарату салық есептілігін ЖД АСР үшін ұсыну (910.00-нысан) немесе жалпы белгіленген тәртіпті қолдану кезінде 2026 жылдың 1 тоқсанына (2026 жыл үшін) салық есептілігін ұсынсын;
  • қажет болған жағдайда-қызметті тоқтату үшін басқа да тиісті құжаттарды ұсыну;

Салық салудың қолданылатын режимі туралы уақтылы берілген хабарлама болмаған жағдайда қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш қабылданбайтынына назар аударамыз. Бұл жағдайда жүйе хабарлама береді:

«Қызметті тоқтату үшін» А. ерікті түрде шешім қабылдау» себебі бойынша «А. жеңілдетілген декларация негізінде АСР» немесе «С. жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке» деген 2-бөлімде белгісі бар қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама беру қажет. Осыдан кейін сіз қызметті тоқтатуға құқығыңыз бар.

Енді банкте шот ашқанда кәсіпкерлікпен айналыспаймын деп қол қоямыз

Қазақстан Ұлттық банкінің басқармасы банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу, сондай-ақ қолма-қолсыз төлемдер мен ақша аударымдары қағидаларына өзгерістер енгізді. Тиісті қаулы 2025 жылғы 31 желтоқсанда қабылданып, Әділет министрлігінде №37777 болып тіркелді.

Негізгі өзгерістер

1. Жеке тұлғалардың банк шоты

Енді жеке тұлға банк шотын ашқанда, шот арқылы:

  • кәсіпкерлік қызмет,
  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимі,
  • нотариус, адвокат, медиатор қызметі,
  • атқарушылық құжаттарды орындауға қатысты операциялар жүргізілмейтінін көрсетуі тиіс.

Бұл талап банкпен жасалған шартта өзгеше көзделмесе қолданылады.

2. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жаңа талап

Арнайы салық режимі аясында қызмет жүргізу үшін ағымдағы шот ашатын азаматтар (оның ішінде қандастар):

  • жеке куәлігін;
  • Салық кодексінің 77-тарауына сәйкес арнайы салық режимін қолдану туралы өтініш ұсынады.

3. Мемлекеттік мекемелерге қатысты өзгеріс

Бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін шот ашу кезінде Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 27 маусымдағы №328 бұйрығына сәйкес рұқсат талап етіледі.

4. Ғылыми жобаларды грантпен қаржыландыру

Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобалары бойынша:

  • эскроу-шоттан төлемдер
  • грант алушы мен контрагент арасындағы келісімшарт негізінде жүзеге асырылады.

Қашан күшіне енеді?

Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 пікір
Мұрағат