2026 жылы азаматтық-құқықтық шартпен жұмыс істегенде қандай құжаттарды талап ету керек
2026 жылы азаматтық-құқықтық шартпен жұмыс істегенде қандай құжаттарды талап ету керек
2 сағат бұрын 39 kaz.inform.kz Айжан Серікжанқызы

KAZINFORM – 2026 жылы Қазақстанда азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар заңды әрі қолдануға болатын құрал болып қала береді. Олар бұрынғыдай жобалық жұмыстарды, бірреттік қызметтерді және мердігерлік міндеттерді орындау үшін пайдаланылады. Алайда жағдай өзгерді: мемлекет азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар еңбек шартын алмастыру үшін қолданылатын жағдайларға қатаң қарай бастады. Kazinform енгізілген жаңашылдықтардың қыр-сырын зерттеп көрді.

Бизнес пен фрилансерлерге арналған платформаның бас директоры Анастасия Ускованың айтуынша, енгізілген өзгерістердің басты нәтижесі — тапсырыс беруші мен орындаушы арасындағы қатынастардың қалай бағаланатынында.

– Мұндағы негізгі логика қарапайым. Азаматтық-құқықтық шарт – нәтиже туралы, ал еңбек шарты – процесс туралы. Егер құжаттардан тапсырыс берушінің нақты бір нәтижені сатып алғаны және сол нәтиженің қабылданғаны көрінсе, онда қатынастар азаматтық-құқықтық аяда қалады. Ал егер құжаттар адамның жұмыспен қамтылғанын көрсетсе – төлемдердің тұрақтылығы, нақты жұмыс кестесі, «штаттағы қызметкер сияқты» міндеттерді орындалса, шарт атауына қарамастан, ол еңбек шарты ретінде қарастырыла бастайды. Сондықтан 2026 жылы азаматтық-құқықтық шарт бойынша жабушы қорытынды құжаттар шешуші мәнге ие болады. Олар бір сұраққа нақты жауап беруі тиіс: тапсырыс беруші нақты нені алды және не үшін төледі. Бір ғана жолдан тұратын формалды акт енді бейтарап құжат болып саналмайды, керісінше әлсіз тұсқа айналады, - деді Анастасия Ускова. 

Оның айтуынша, орындалған жұмыстардың актісі әлі де негізгі құжат болып қала береді, бірақ ол нақты нәтижені шын мәнінде сипаттаған жағдайда ғана күшінде болады.

– «Қызметтер толық көлемде көрсетілді» деген сияқты жалпы формулировкалар енді жеткіліксіз. Актіде нақты не істелгені анық көрсетілуі керек: қандай есеп дайындалды, қандай файл тапсырылды, қандай жұмыс орындалды, тапсырыс беруші нақты нені қабылдағаны жазылады. Нәтиже неғұрлым нақты сипатталса, компанияның ұстанымы соғұрлым берік болады. Тәжірибеде талдау, маркетинг, IT, консалтинг секілді материалдық емес қызметтер сөз болғанда бір ғана акт жеткіліксіз. Мұндай жағдайларда құжаттар жинақталады: шарт, техникалық тапсырма, қорытынды есеп немесе нәтиже файлдары, келісу мен қабылдау жөніндегі хат алмасу. Құжаттардан не нәрсе тапсырыс берілгені, не істелгені және қалай қабылданғаны анық көрінсе, дауласу әлдеқайда қиын болады, - деп атап өтті А. Ускова.

2026 жылы салық мәселесі де ерекше назарды талап етеді. Егер орындаушыда жеке кәсіпкер немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға мәртебесі болмаса, тапсырыс беруші бұрынғыдай салық нысаны болып қалады. Ол жеке табыс салығын ұстап қалып, міндетті әлеуметтік төлемдерді аударады.

Сонымен бірге, есеп айырысуға, тиісінше жабушы құжаттарға тікелей әсер ететін өзгерістер күшіне енеді. Жеке табыс салығы бойынша базалық салықтық шегерім айына 30 АЕК-ке дейін ұлғайтылды, ал азаматтық-құқықтық шарт бойынша әлеуметтік аударымдарды есептеу базасының тәртібі өзгерді: төменгі шек алынып тасталып, жоғарғы шек қана қалды.

Сарапшы түсіндіргендей, іс жүзінде бұл қарапайым, бірақ маңызды бір жайтты білдіреді: актілерде көрсетілген сомалар нақты ұсталымдар есептелетін сандармен сәйкес келуі керек. 2026 жылы келісімдер, актілер мен бухгалтерлік есеп арасындағы кез келген сәйкессіздік бұрынғыдан да айқын көрінетін болады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалармен азаматтық-құқықтық шарт бойынша жұмыс істегенде салық және әлеуметтік міндеттемелерді орындаушы өз режимі аясында өзі төлейді, бірақ бұл тапсырыс беруші үшін жауапкершілік жоқ дегенді білдірмейді.

– Бәрібір компанияға орындаушының мәртебесін және мәміленің жасалғанын растайтын құжаттар қажет. Шарт, акт, өзін-өзі жұмыспен қамтыған мәртебесін растау және табыстың тіркелуі – кем дегенде осы құжаттар болуы керек. 2026 жылы қатынастардың формалды атауы емес, факторлардың жиынтығы бағаланады, - деп атап өтті Анастасия Ускова.

Осылайша жаңа жағдайда азаматтық-құқықтық шарт – жұмысшыны жеңілдетілген түрде жалдау емес, нақты міндеттер мен нәтижелерге арналған құрал. Жабушы құжаттар компанияның шынымен де азаматтық-құқықтық модельде жұмыс істеп отырғанының басты дәлелі болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін 

Айжан Серікжанқызы

0 пікір
Мұрағат