Қазақстандағы еңбек мигранттары арасында қытайлықтар көш бастап тұр
Қазақстандағы еңбек мигранттары арасында қытайлықтар көш бастап тұр
1 сағат бұрын 60 inbusiness.kz

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 817 жұмыс беруші бар. 

Қазақстан аумағында 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 103 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 537 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 244 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 3 784 және 1 271 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 2 299 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 970 адам тартылды.

"Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 817 жұмыс беруші бар. Оларда 334,4 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер: құрылыс саласында – 4 993 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 2 316 адам, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 235 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 155 адам.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 5 604 адам,

Өзбекстан – 2 110 адам, Түркия – 1 036 адам, Үндістан – 943 адам", – делінген Еңбек министрлігі хабарламасында.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейтінін және бөлетінін естеріңізге саламыз. 2025 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,2% мөлшерінде немесе 14,8 мың бірлік болып белгіленген, ал осы жылдың наурыз айынан бастап жергілікті атқарушы органдардың өтінімдеріне байланысты министрдің бұйрығымен 16,5 мың бірлікке дейін ұлғайтылды.

Осы жылдың тамыз айынан бастап маусымдық шетелдік жұмысшылардың еңбек қызметін жүзеге асыру үшін кәсіптер тізбесінің кеңеюіне байланысты министрдің бұйрығымен жалпы квота республикадағы жұмыс күші санына қатысты 0,25% немесе 19,4 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.

Бүгінгі таңда өңірлердің қажеттілігін ескере отырып, бұл квота 16,7 мың бірлікке дейін қысқартылды.

Қазақстандағы шетелдік жұмысшылардың үштен бірі ғана білікті

1 қарашадағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстанда 14,5 мың шетелдік азамат жұмыс істейді. Олардың 5,4 мыңы Қытайдан келген. ҚХР азаматтары тартылған жұмыс күшінің жалпы санының үштен бірінен астамын (37%) құрайды, деп хабарлады Еңбек министрлігі.

Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын шамамен 2 мыңға жуық компания бар. Сол компанияларда 335,4 мыңнан астам қазақстандық жұмыс істейді. Бұл жалпы персонал санының 96%-ын құрайды.

Маман тарту бойынша көш бастап тұрған төрт ел бар. Бірінші орында — Қытай (5,4 мың адам). Одан кейін Өзбекстан (2,5 мың адам), Түркия (1,0 мың адам) және Үндістан (1,0 мың адам) орналасқан.

Шетелдіктер қай салаларда жұмыс істейді

Қазақстандағы шетелдік жұмысшылардың басым бөлігі құрылыс саласында еңбек етеді — шамамен 5 мың адам. Ауыл шаруашылығында — шамамен 3 мың адам. Тау-кен өндіру және карьерлерді қазу саласында 1,2 мың адам, ал өңдеу өнеркәсібінде — 1,1 мың адам жұмыс істейді.

Тартылған шетелдік азаматтардың көпшілігі білікті жұмысшылар мен мамандар санатына жатады — шамамен 5 мың адам. Маусымдық жұмыстарда 2,8 мың адам еңбек етеді. Тағы 4 мың адам корпоративтік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейді. Басшылар мен олардың орынбасарлары – 2,8 мың адам.

Еске сала кетейік, Еңбек министрлігі жыл сайын шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота белгілейді. 2025 жылы бұл көрсеткіш республиканың жалпы жұмыс күші санының 0,25%-ын (19,4 мың адам) құрады. Тамыз айында маусымдық жұмысшыларға арналған мамандықтар тізімінің кеңеюіне байланысты квота ұлғайтылған болатын.

Айта кетсек, қазақстандықтардың шетелде еңбек ету белсенділігі біртіндеп төмендеп келеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 2025 жылғы шілденің басында шет мемлекеттерде 126,5 мыңнан астам азаматымыз жұмыс істеген. Оның ішінде 100 мыңнан астам азамат Ресейде жұмыс істеп жүр. 

0 пікір
Мұрағат