2020 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады?
2020 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады?
5 жыл бұрын 2107

2020 жылы қазақстандықтар 119 күн демалады, - деп хабарлайды tengrinews.kz порталы Uchet.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Биылғы демалыстар дәстүр бойынша Жаңа жылдан басталады. Жыл басында қазақстандықтар 4 күн - 1, 2, 3 және 4 қаңтарда демалады. 5, 6 қаңтар жұмыс күндері болып есептеледі. Ал 7 қаңтарда қазақстандықтар Рождество құрметіне демалады.

2020 жылы ең ұзақ демалыс наурыз, мамыр, желтоқсанда болады.  

Халықаралық әйелдер күнінде қазақстандықтар 3 күн - 7, 8 және 9 наурызда демалады.

Ал Наурыз мейрамында 5 күн - 21-25 наурыз аралығында демалады. 

Ал мамырда демалыс күндері Қазақстан халқының бірлігі мейрамында 1, 3 күндері және 7-9 мамырда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнінде демалады.

Айта кетейік, 8 мамыр жұмыс күні болып есептеледі, алайда 9 мамыр сенбіге түскендіктен демалыс дүйсенбі 11 мамырдан 8 мамыр жұмаға түседі. 

Ал қыс мезгілінде қазақстандықтар 1 желтоқсан және Тәуелсіздік күніне 16-19 желтоқсанда демалады.Биыл 18 желтоқсан жұмаға түскендіктен 20 желтоқсан - жұмыс күні.  

Сонымен қатар, шілдеде қазақстандықтар 4-6 аралығында астана күні құрметіне және 31 шілде мен 2 тамыз аралығы Құрбан-айт мейрамында демалады.

Тамызда 29-31 аралығында Конституция күнінде демалады. 

Көбіне қазақстандықтар наурыз, мамырда демалады - бұл айларда 18 жұмыс күні мен 13 демалыс күндері бар. Ал қазан керісінше жұмыс күндеріне толы (23 күн) мезгіл болмақ.

0 пікір
Мұрағат