2017 жылы қаржыны қай валютада сақтаған жөн?
2017 жылы қаржыны қай валютада сақтаған жөн?
9 жыл бұрын 3780 inform.kz

Ресейдің беделді қаржы сарапшыларының бірі, «Альпари» компаниясының аға сарапшысы Анна Бодрова 2017 жылғы «доллар-теңге» дуэтінің айырбастау дәлізіне қатысты болжамдарын айтып берді.  «2017 жылы АҚШ доллары қазақстандық теңгеден айтарлықтай басым болады, бірақ бұл теңгеге тұрақты қысымды білдірмейді. Доллардың орташа құны келесі жылы 310-380 теңге болады. Нарықтың бұл дәлізі түсінікті және баршаға аян. Еуро 335-410 теңге көлемінде қалады», - деді Бодрова. Сонымен бірге, оның айтуынша, инфляциялық ахуал қолданыстағы конъюнктурада дамитын болады. Тұтынушылық баға индексі бірте-бірте төмендейді және жыл қорытындысы бойынша 6% құрайды. Және ол ақшаны қандай валютада сақтау керегін айтты. «АҚШ долларын алуда нақты мақсат болуы тиіс. Егер мақсат жеке жинағыңызды толтыру болса, курсты бақылап, теңге тұрақтанған кезде ғана USD сатып алған жөн. Егер сыртқы жағдай күтпеген "тосын сыйлар" әкелмесе, курстық құбылмалылық бірқалыпты болуы мүмкін. Қазір валюталар мен шикізаттың стресі жоқ кезде, жеке жинақ себеті өз келбетін өзгертеді. Онда шамамен 60% АҚШ доллары, 30% теңге, қалғаны еуро мен қолма-қол ақша болуы мүмкін», - деп есептейді Анна Бодрова.

0 пікір
Мұрағат