2017 жылы дәрілердің бағасы қандай болады?
2017 жылы дәрілердің бағасы қандай болады?
8 жыл бұрын 3161 7kun.kz

2017 жылы дәрі-дәрмектің бөлшек бағаларының  өсуіне ешқандай негіз жоқ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлады, деп жазды LS

Ведомстводан түсіндіргендей, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау туралы» Кодекске сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) аясында дәрі-дәрмек құралдарының бағасын мемлекеттік реттеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. 

«ТМККК аясындаа «СК-Фармация» бірыңғай дистрибьюторлық компаниясымен бірге 2017 жылға арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу жұмыстары 90%-ға жүргізілді. Қазіргі уақытта дәрі бағасының көтерілуіне ешқандай негіз жоқ», — деп жауап берген ведомство өкілдері LS сауалнамасына.

Минстрлікте атап өткендей, ТМККК бойынша алдын-ала бағаларды қою мәселелері мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында қарастырылған. Жақын арада құжат парламенттің қарауына жіберіледі.

Сондай-ақ, ведомство еліміздің фармацевтикалық нарығы импорт пен валюта курсына тәуелді болғандықтан баға бәрібір өзгереді дегенді айтады.  

«Дәрі-дәрмек құралдарының бағасы 2015 жылдың соңы мен 2016 жылдың басында 20% бен 30% арасында өзгермелі болды. Бөлшек саудада баға бәсекелестікке байланысты қойылады. Бөлшек баға алдымен өндірушінің көтерме-бөлшек бағасына, сұранысқа, логистикалық қызмет шығындарына, оларды сақтауға байланысты болады. Сондай-ақ, дәрі препараттарының дистрибьюторлық және бөлшек бағалаулары бұрынғы бағадан аспайды немесе аз болады», — деп түсініктеме берді министрлік. 

Сондай-ақ, осы жылдың сәуір айында дәріхана желілерімен, дистрибьюторлармен, отандық және халықаралық өндірушілермен, профильді қауымдастықтармен меморандумдарға қол қойылған.

«Әзірге мониторинг нәтижесі бойынша бағаның көтерілуі болған жоқ», — деп атап өтті ведомство өкілдері. 

Ал VIORTIS консалтингтік агенттігінің мәліметі бойынша, бөлшек саудадағы фармацевтика нарығы келесідей баға сегменттерін ұсынады: 1 доллардан қымбат емес дәрілік препараттар бөлшек нарықтың 7,7%-ын, 1 доллардан қымбат дәрілер 28,7%-ын, 5-10 доллар арасындағы дәрілер — 29,2%, 10-20 доллар аралығындағылар — 21,6%, 20 доллардан қымбаттары 12,8%-ын құрайды.

Сондай-ақ, Қазақстанның бөлшек нарығындағы дәрілік құралдардың 75,5% шетелдік өндірушіерге тиесілі. Ал мемлекеттік сатып алу аясындағы отандық фарммацевтикалық өнімдердің үлесі 50%-ды құрайды.

Дәрілік препараттаар медициналық бұйымдар нарығының жалпы көлемі 2015 жылы 366,4 млрд теңгені құрады, оның 90%-ын импорттық препараттар құрайды. Фармацевтикалық тауарлардың ең көп бөлігі Германия, Франция, Ресей және Үндістан елдерінен жеткізіледі.  Қазіргі уақытта Қазақстандағы дәрі-дәрмектің үлесі мынадай: 

  • дәрілік құралдардың 7697 түрі бар, оның  819-ы немесе 10,6%-ы отандық дәрілер
  • медициналық бұйымдардың 8764 түрі бар, оның оның 584-і немесе 6,7%-ы отандық өнім.

2015 жылы отандық компаниялар арқылы 32 млрд теңгеден аса қаржыға фармацевтикалық өнімдер өндірілді. Қазіргі таңда Қазақстанда 112 фармацевтикалық кәсіпорын бар. Оның 51-і дәрі-дәрмектерді, 61-і медициналық бұйымдарды өндірумен айналысады. 

Сондай-ақ, рецепт бойынша берілетін дәрілерді сатып алу 2000-нан 3000 теңгеге дейін, ал рецептісіз босатылатын препараттар 500-1000 теңге аралығында. 

«Бағаның қымбаттауынан халықтың сатып алу қабілеті айтарлықтай төмендеді. Бұдан бөлек халық біраз арзан дәрілерге тапсырыс бере алады. Сатып алушылардың таңдауына әртүрлі факторлар әсер етеді. Бірі дәріні дәрігердің тағайындауымен сатып алса, енді бірі бағасына және оның жарнамасына қарайды», — дейді министрлік өкілдері.

0 пікір
Мұрағат