2017 жылдан бастап қазақстандықтар 48 мемлекетке визасыз бара алады
2017 жылдан бастап қазақстандықтар 48 мемлекетке визасыз бара алады
10 жыл бұрын 4568 7kun.kz

2017 жылдың қаңтар айынан бастап ЭЫДҰ елдері мен 14 экономикалық дамыған және саяси тұрақты мемлекеттер үшін визасыз тәртіп енгізіледі. Бұл туралы pm.kz сайты жазды.

ҚР-да визасыз тәртіп 20 экономикалық дамыған елді — Австралия, Венгрия, Италия, Монако, Бельгия, Испания, Нидерланды, Норвегия, Швеция, Малайзия, БАӘ, Сингапур, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Финляндия, Франция, Швейцария, Жапония және Оңтүстік Кореяны қамтиды.

Сондай-ақ, жыл сайын Ресей, Түркия, Италия (соның ішінде ЭКСПО Милан-2015 көрмесі сәтті өткізілгеннен кейін), Германия, Нидерланды, АҚШ және Ұлыбританиядан келетін қонақтар саны артып жатыр.

«Ішкі туризм бойынша өсім байқалады. Өткен жылдың баламалы кезеңімен салыстырғанда биылғы жарты жылдықта өсім 6%-ды құрады. Бурабай, Алматы, Алакөл және Бұқтырма бұрынғысынша халық көп баратын негізгі бағыт ретінде саналып отыр», — деп хабарлады ҚР ИДМ.

0 пікір
Мұрағат