2017 жылдан бастап қазақстандықтар 48 мемлекетке визасыз бара алады
|
2017 жылдың қаңтар айынан бастап ЭЫДҰ елдері мен 14 экономикалық дамыған және саяси тұрақты мемлекеттер үшін визасыз тәртіп енгізіледі. Бұл туралы pm.kz сайты жазды.
ҚР-да визасыз тәртіп 20 экономикалық дамыған елді — Австралия, Венгрия, Италия, Монако, Бельгия, Испания, Нидерланды, Норвегия, Швеция, Малайзия, БАӘ, Сингапур, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Финляндия, Франция, Швейцария, Жапония және Оңтүстік Кореяны қамтиды.
Сондай-ақ, жыл сайын Ресей, Түркия, Италия (соның ішінде ЭКСПО Милан-2015 көрмесі сәтті өткізілгеннен кейін), Германия, Нидерланды, АҚШ және Ұлыбританиядан келетін қонақтар саны артып жатыр.
«Ішкі туризм бойынша өсім байқалады. Өткен жылдың баламалы кезеңімен салыстырғанда биылғы жарты жылдықта өсім 6%-ды құрады. Бурабай, Алматы, Алакөл және Бұқтырма бұрынғысынша халық көп баратын негізгі бағыт ретінде саналып отыр», — деп хабарлады ҚР ИДМ.