|
2017 жыл: Қазақ ғарышқа ұшады
|
"2017 жылы тағы бір қазақ ғарышкері ғарышқа аттанады. Сол үшін нақты шаралар қабылданып, келіссөздер жүруде. Оңды ілгерілеушіліктер байқала бастады. Біз алдын ала: «Бұл үдеріс 2017 жылы іске асуы мүмкін», - деп айта аламыз" - дейді «Қазғарыш» басшысы, Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев ақпарат құралдарына берген сұхбатында. Бірақ, Тоқтар мен Талғат сынды қаһармандардан кейін ғарышқа аттанатын батырдың аты әзірге белгісіз болып отыр.
Талғат Мұсабаев тағы бір жаңалықты хабарлады: биыл шілде айында елорда жанында "Ғарыш қалашығы" іске қосылмақ. «Ұлттық ғарыш орталығын» Елбасының өзі ашады. Сондай-ақ алдағы 2015 жылы Астанада "Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені" құрылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді