1 шілдеден бастап Қазақстанда виза беру тәртібіне енгізілген өзгерістер күшіне енеді
1 шілдеден бастап Қазақстанда виза беру тәртібіне енгізілген өзгерістер күшіне енеді
6 жыл бұрын 3794 inform.kz

2018 жылғы 1 шілдеден Виза алушылардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеу және визаларды беру тәртібіне (ҚР СІМ және ҚР ІІМ 2016 жылғы 26 қарашадағы №1100 бірлескен бұйрығы) енгізілген өзгертулер өз күшіне енеді, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасы аумағына шетелдіктердің енуіне шақырту жіберу мерзімі қысқартылды. Шақыртуды виза алушының Қазақстанға келуіне дейін 5 күннен кешіктермей жіберу керек. Бұған дейін бұл мерзім 14 күнді құраған. Шақыртуда шетелдік азаматтың Қазақстанда тоқтайтын мекенжайы және жүретін жерлері көрсетіледі», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, шақыртуда Қазақстан Республикасының арнайы елді мекендеріне сәйкес келетін әкімшілік-аумақтық нысан жіктеуішінің коды көрсетілетін болады. Кодты төмендегі http://kodeksy-kz.com/klassifikatory/kato.htm бойынша білуге болады. Шетелдік азаматта Қазақстанның визасы болған жағдайда ол көші-қон органдарында тіркелмейді, себебі, елдегі тоқтаған мекен-жайы мен жүретін жерлері шақыртуда көрсетіліп тұрады. Қолданыстағы визаның мерзімін ұзартуға кұжат тапсыру үшін 30 жұмыс күнінен кешіктірмей және визаның мерзімі аяқталғанға дейін 5 күн бұрын өтініш білдіру керек.

0 пікір
Мұрағат