Елімізде жалпы аумағы 600 мың гектарды құрайтын суармалы жерлерді қалыпқа келтіру жұмыстары іске асады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің конференциясында айтылды.
1 гектар жерді қалпына келтіру 500 мың теңге тұрады
|
Елімізде игерілмей жатқан жерлер көп. Солардың ішіндегі су құрылымдары үшін пайдаланылатын бөліктері де халықтың қажетіне жарамай отыр. Алдағы уақыттың еншісіне нақты жоспарланған бұл іс Ислам Даму банкінен қолдау таппақ.
«Елімізде жалпы аумағы 600 мың гектар суармалы жерлерді қалпына келтіру қажет. Қазіргі дағдарысқа байланысты су құрылымдарын жөндеуге мемлекет бюджетінен қаржы бөлінбейді. Сол себепті Ислам Даму банкінен 326 миллиард теңге несие алу жоспарланып отыр. Орта есеппен 1 гектар суармалы жерге 500 мың теңге керек », - деп мәлімдеді ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Абишев.
Су құрылымдары мен суармалы жерлерді қалпына келтіру үшін не себепті мұнша мөлшерде қомақты қаражаттың керек екендігі де түсіндірілді.
«1990-2000 жылдар аралығындағы аумалы-төкпелі уақытта көптеген жерлердегі керекті жабдықтар ұрланды-тоналды. Көптеген су құрылымдары иесіз қалып, іші лай мен қоқысқа толды. Қазақстанның әр бөлігіндегі осындай жерлерді жөндеу оңай жұмыс емес және бұл бір емес, бірнеше жылда қалпына келетін жағдай», - деп ағынан жарылды Ислам Алмаханұлы.