«Зайырлы мемлекет: «Дінтану негіздері» пәнінің әдістемелік аспектілері» тақырыбында семинар өтеді
«Зайырлы мемлекет: «Дінтану негіздері» пәнінің әдістемелік аспектілері» тақырыбында семинар өтеді
10 жыл бұрын 5119 din.astana.kz

2014 жылғы 4 - 5 қараша күндері Астана қаласы «Тілеп Қобыз» сарайында «Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ және «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ ұйымдастыруымен«Зайырлы мемлекет: «Дінтану негіздері» пәнінің әдістемелік аспектілері» тақырыбында біліктілігін арттыру семинары өтеді.

Семинарға қатысушы білім беру мекемелері директорларының орынбасарларына, дінтану пәнінің оқытушыларына, психологтары мен кәмелет жасқа толмаған балалармен жұмыс инспекторларына «Дінтану негіздері» пәні мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құралдың тұсаукесері өткізіліп, дін аясындағы заңнамалар, Республикадағы және қаладағы діни ахуал жағдайы, сот шешімдерімен тыйым салынған діни ұйымдар мен партиялар жайлы ақпарат, конфессияаралық келісім қатынастарын сақтаудың маңыздылығы туралы дәрістер оқылып, тақырыптық тренингтер ұйымдастырылады.

0 пікір
Мұрағат