Нафис Тарин Құран кітабының зағиптарға арналған нұсқасын көшіріп шығуға бұған дейін де талаптанған болатын. Алайда, оның мүмкіндігі шектеулі екенін алға тартқан имамдар бұл іске көмектеспеген. Кейінірек Хафиз Мохаммад Таслим есімді азамат Таринның талабына қолдау білдірген.
Мұндай маңызды істі орындап шығуға Нафис Таринн үш жылын сарп етті. 2005-2008 жылдар аралығында ол Құран мәтіндерін Брайля жүйесінде хинди тіліне аударып шықты. Аудармадан соң мәтінде кеткен қателіктерді түзету де көп уақытты талап етті.
Зағип мұғалім осындай қиын да күрделі сатылардан өтіп, дайындалған кітаптың жарық көруіне қаржылай көмек беретін мұсылман ұйымының көп ұзамай табыларына сенімді.
Бокаро мүфтиі оның еңбегін жоғары бағалап, аударманың шариғат талаптарына толықтай сай екенін растады. Имам Нагар Масджид бірқатар мұсылман ғалымдары Нафистің Құран оқуына қарап, аударма сапасының дұрыстығын айтқан.
Брайлия шрифті – көзі көрмейтін адамдардың саусақ арқылы оқуына мүмкіндік беретін арнайы хат жүйесі.