|
WhatsApp жаңа функцияны іске қосты
|
WhatsApp мессенджерінің жаңа нұсқаларында қоңырау соғу режимін ауыстыру функциясы іске қосылды. Бұл туралы The Independent хабарлады.
Аталған ақпарат көзінің мәліметінше, жаңа қызмет қолданушыларға сөйлесіп жатқан кезде аудиоқоңырауды үзбей, сол сәтте видеобайланысқа қосылуға мүмкіндік береді.
Бір режимнен екіншісіне өту үшін камера бейнесі бар батырманы басу қажет, содан кейін экранға видеоны қосуды ұсынатын хабарлама шығады.
Жаңа функция Android базасында WhatsApp-тың 2.18.4 бета-нұсқаларында қазірдің өзінде қолжетімді екені хабарланды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді