Ультразаманауи мешіт (фото+видео)
Ультразаманауи мешіт (фото+видео)
5 жыл бұрын 3252 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ашылғанына көп уақыт өте қоймаған Біріккен Араб Әмірлігіндегі өзгеше мешітті бір қарағанда басқа нәрсемен шатастырып алатыныңыз кәдік. Дәстүрлі мешіт сәулетімен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын мешіт футуристер айтып жүретін болашақтың құлшылық үйін еске түсіреді. Шет-шегі көрінбейтін жал-жал құмның ортасында, көкжиегіне көз ұшы жетпейтін көгілдір теңіз жағалауында көкке ұмсына бой көтерген Дубай қаласындағы халықаралық қаржы орталығы (DIFC) аумағындағы DIFC Grand Mosque деп аталатын осынау ғибадат ғимаратының жалпы ауданы1 347 шаршы метрді құрайды. Кем дегенде 500 адамға шақталған, яғни, бір мезетте осынша адам қатар тұрып құлшылық ете алатын мешіттің сәулет дизайны осы заманғы нонконформистік нысанға келеді. Яғни, аталмыш құлшылық үйінің сыртқы пошымы мен пішімі минимализм стилінде болса, ал төбесі араб және парсы стиліндегі мұқарнасты (мукарнас) еске түсіреді. Ал кубикке ұқсайтын мешіттің сыртқы кескінінде арабтардың «машрабия» деп аталатын сәулет элементі пайдаланылған.

Gate Avenue @ DIFC - YouTube

0 пікір
Мұрағат