|
Украинадағы соғыстан әлемде бір ғана ел пайда көріп отыр
|
Украинадағы соғыстан, дәлірегі, Украина мен Ресей арасындағы қарулы қақтығыстан әлем бойынша бір ғана ел пайда көріп отыр. Ол – Үндістан. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Марк Туатти есімді экономистің мәлімдемесіне жөн сілтеген француздардың BFM TV телеарнасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, Ресей Үндістанға бұрын соңды болмаған мұнайды сатуда. «Үндістанда ол өңделеді және одан ары, атап айтқанда, Еуропаға сатылады», - деді сарапшы. Оның айтуынша, осылайша Үндістан Украинадағы дағдарыстан қыруар табыс табуда. Бұдан бөлек, Үндістан Қытайдағы дағдарыстан да пайда көріп отырғанын жеткізді, дәлірегі, әлемдік нарықтан Қытайды ығыстыруда. Өйткені, рецессия күллі әлемді шарпуда.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Химиктер тауардың жасанды көшірмесін жасауға жол бермейтін технология ойлап тапты
■
Мұсылмандар елі христиандардың басты мерекесін демалыс етіп жариялады
■
Азиядағы ең қымбат компанияның табысы рекорд орнатты
■
Сингапур 2025 жылы байлығы жағынан екінші ел атанды
■
Халал инвестиция 2025 жылы 25,5% табыс әкелді