Ұйқы безінің обырын жоятын дәрі жасалды
Ұйқы безінің обырын жоятын дәрі жасалды
5 жыл бұрын 3844 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тель-Авив университетінің ғалымдары ұйқы безінің қатерлі ісікке шалдыққан жасушаларының өз-өзін жою процесін тудыратын молекуланы тапты. Бұл жайында Science Daily ақпарат көзі Oncotarget-тегі мақалаға сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Осы уақытқа дейін ұйқы безінің обыры ем қонбайтын аурулардың бірінен саналып келген еді. Ол ем-домның барлық түріне бой бермей келген болатын. Осындай кеселге шалдыққан адам ары асса 5 жыл ғана ғұмыр сүре алатын еді. Израилдік ғалымдар тапқан PJ34 молекуласы қатерлі ісікке шалдыққан жасушалардың көбеюі кезінде аномалия тудырып, олардың өлуін тездетеді. Молекула жасуша мембранасынан оңай өтіп кеткенімен тек қатерлі ісікке шалдыққан жасушыларға ғана «жаудай» тиеді. Яғни, обыр жайлаған жасушаларға ғана әсер етеді. Жаңа дәрі тәжірибе жүргізілетін тышқанға салынған адамның қатерлі ісікке шалдыққан ұлпасында, яғни, ксенотрансплантатта сыналды. Нәтижесінде обыр 90%-ға кішірейген, тағы бір тышқанда мүлдем жоғалған. Сынақ кезінде дәрінің жанама кері әсері байқалған жоқ. Артынан белгілі болғандай, PJ34 молекуласы осы заманғы емдеу тәсілдеріне бой бермейтін өзге обыр түрлерінде тиімділігін танытқан. Сөз орайы келгенде айта кету керек, жапон ғалымдары химиялық терпаияға төзімді, бұрын ем қонбайды деп есептеліп келген ми ісігіндегі глиобластом жасушасын жоятын молекуланы тапқан болатын. Жапон мамандары тапқан қосындының улы емесі анықталған болатын.

0 пікір
Мұрағат