Тірі жасушаға тән ерекше өзгешелігі бар материал жасалды
Тірі жасушаға тән ерекше өзгешелігі бар материал жасалды
4 жыл бұрын 2015 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Австралияның ұлттық университеті тірі жасушаға тән өзіндік ерекшелікті имитациялайтын, яғни, қайталайтын өзгеше гидрогел жасап шығарды. Синтетикалық матаның бұл жаңа түрін роботтың тері, бұлшық ет және «сүйегі» ретінде пайдалануға болады. Бұл жайында Science Alert ақпарат көзі хабар таратты. Осылайша ғалымдар өзге де осыған ұқсас материалдардан мықтылығымен, пішінін өзгерте алатын әрі қалпына келетін қабілетімен айрықшаланатын гидрогел жасап шығарды. Сондай-ақ, ол жадыға ие – жылытқан кезде немесе суытылған кезде бұрынғы пішінін табады. Ол ауыр заттар көтеретін әрі температураға қарай өз әрекетін қайталай алатын құрылғыларды жасағанда пайдаланылуы мүмкін. Гидрогел бар-жоғы 10 секунд ішінде пішінін өзгерте алады, бұрынғы материалдар өзгеру үшін кем дегенде 10 минут кететін. Мұндай жылдамдыққа сутегі және иминді (көміртек-азот) химиялық жолмен байланыстыру арқылы ұштастырумен қол жеткізді. Бұл байланыс динамикалық өзгешелікке ие, яғни, сыртқы факторларға жауап қата алады. Бұл қабілеті өз кезегінде қоршаған ортаға бейімделуіне көмектеседі.

0 пікір
Мұрағат