Түркияда коронавирусқа қарсы вакцина сынақтан сәтті өтті
Түркияда коронавирусқа қарсы вакцина сынақтан сәтті өтті
5 жыл бұрын 2900

Түркияда жануарларға жасалған коронавирусқа қарсы вакцина сынақтан сәтті өтті. Бұл туралы Хаджеттеп (Анкара) университеті медициналық факультетінің профессоры Атеш Қара айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жақсы жаңалық. Жануарларға микро ине арқылы жасалған коронавирусқа қарсы вакцина иммунды жауабын берді. Яғни, қарсы денелер бөлінді. Қазір "бұл адамдарды қорғай ала ма?" деген жауапты білетін уақыт келді", - деп жазды ғалым Twitter әлеуметтік желісінде.

Айта кетейік, 11 наурызда дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пандемиясы деп жариялады. Қазіргі таңда қауіпті індетті миллионнан аса адам жұқтырды, шамамен 57 мың адам аурудан көз жұмды.

Сондай-ақ, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 584-ке жетті. 42 науқас аурудан жазылды, 6 адам қайтыс болды.

0 пікір
Мұрағат