Түркияда дегредацияға ұрындыратын тағы бір кері қадам жасалды
|
Түркиядағы президенттік сайлауда жеңіске жеткен Режеп Тайып Ердоған өз билігін нығайту үшін нарықтың қатал заңына ғана бағынатын тек елдің қаржы секторына толық бақылау орнатып қоймай, мәдениет саласына да ауыз сала бастады. Бірден айта кету керек, аталған екі саланың да өз иірімі мен даму сатылары, өзіндік ерекшелегіне байланысты қолдан бақылау орнатуға, диктаторлардың цензурасына көнбейтін тұстары бар. Әсіресе, өнер мен мәдениетті саясиландыру аталған саланың қолқасына қол салғанмен бірдей әрекет. Режеп Тайып Ердоғанның пәрменімен мемлекеттік театрлардың жұмысы толық тоқтатылды. Бұл жайында Sputnik Turkey ақпарат көзі ел президентінің тиісті жарлығына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Нақтырақ айтқанда, аталған жарлыққа байланысты мемлекетік театрларды қаржыландырып келген Түрік мемлекеттік театры (DT), сондай-ақ, ел аумағындағы опера және балет театрлары директоратының (DOB) жұмысы тоқтатылды. Сарапшылар болашақта оларды орнына тікелей президентке бағынатын мәдени құрылымдар құрылуы мүмкін екенін айтып отыр.
DT Түркияның 19 қаласындағы 52-ден аса сахна алаңына ие аса ірі мәдени ұйым. ал DOB — Анкара, Ыстамбұл, Измир, Мерсин, Анталия және Самсун қалаларындағы опера және балет театрларының үстінен қарайтын мәдени ошақ болатын.