Түркия Құран Кәрімді 180 тілге аударады
|
Түркияның Дін істері басқармасының ресми өкілі мемлекет Құран Кәрім аударма нұсқаларын әлемнің 180 тілінде әзірлейтінін мәлім етті.
«Әл-Құдс әл-Араби» Лондон апталық газетінде жарияланған мәліметке сәйкес, Діни қор өкілі Мазхар Бильгин Құран аудармасын әлемнің кең таралған 180 тілінде әзірлеу жұмыстары жуық уақытта аяқталатынына сенім білдірді.
Ол, әсіресе, бүгінгі күнде Құран Кәрімнің ағылшын, француз, орыс, испан, қырғыз, болгар, қазақ және босниялық тілдегі аудармалары әзірленгенін, осы тілдердегі Құран кітаптары басылу үстінде екенін атап өтті.
М.Бильгин департамент Құран аудармаларымен барлық тілдерді қамтыға күш салатынын да жеткізді. Құранды шетел тілдерінде жариялау жобасы департамент басшылығының негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Жоба «Ешбір тіл Құраннан хабарсыз қалмасын» деп аталады.
Құзыретті ведомство өкілдері хабарлағандай, қасиетті Құранды сандық форматта оқуға да мүмкіндік жасалады.