Түркістанда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған конференция өтеді
Түркістанда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған конференция өтеді
10 жыл бұрын 4685

BAQ.KZ ақпарат көзінің хабарлауынша Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі "Қазақ хандығының тарихындағы Түркістанның рөлі" атты тақырыпта ғылыми-теориялық конференция өткізетінін мәлімдеген.
Конференцияға Республикамыздағы және шетелдердегі тарих, филология, философия, шығыстану, заң салаларының ғалымдары, этнографтар мен деректанушы, тарихнамашы ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының қызметкерлері қатысады. Конференцияның материалдары жинақ түрінде шығарылады.
Конференцияның негізгі тақырыптары ретінде "Қазақ хандығы және Түркістан", "Қазақстан тарихындағы қала мен дала", "Қазақстан аумағындағы көне және ортағасырлық мемлекеттер" тақырыптары таңдап алынған.
Конференцияға қатысу үшін ғылыми баяндамалар ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына 2015 жылдың 25 наурызына дейін жіберілуі тиіс.
Конференция алдағы 3-4 сәуір күндері Түркістан қаласында өтеді.
Конференцияны ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
161200, ҚР ОҚО, Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы 70, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі, т/ф: 8(725-33) 3-11-59, 3-23-00, Е-mail: nurlan80@mail.ru, mukhtar_kozha@mail.ru
Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар мен қатысу шарттары:
1. Көлемі 5-7 беттік компьютер басылымында Times New Roman, 14 кегль, беттің сол жағынан – 3 см, жоғарғы және төменгі жағынан – 2 см, оң жағынан – 1,5 см, жол арасы – бір интервал. Мақалада автордың аты-жөні көрсетіліп беріледі.
2. Баяндама тақырыбы ірі шрифтпен берілуі тиіс. Тақырып пен мәтін арасы екі жолмен бөлінеді. Тақырыптың үстіңгі оң жағына автордың аты-жөні, жұмыс орыны, лауазымы, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы және қаланың аты жазылады.
3. Әдебиеттер тізімі мен сілтемелер мақаланың соңына араб цифрларымен тік бұрышты жақшаның ішіне алынып [1. 5 б.] ГОСТ бойынша беріледі.
4. Мақала соңындағы түйін қазақ тіліндегі мақалаға орыс, ағылшын тілдерінде, орыс және түрік тілдеріндегі мақалаға қазақ, ағылшын тілдерінде берілуі керек.
5. Ұйымдастыру комитеті талаптарға сәйкес келмейтін мақалаларды қабылдамай кері қайтаруға құқылы. Баяндама мазмұнына автордың өзі жауапты.

0 пікір
Мұрағат