Туристік компаниялар Ұлы Жібек жолында саяхат бағыттарын жаңғыртпақ
|
Бұл мәселе құрамына Қазақстан, Түркия, Әзербайжан мен Қырғыз елдері кіретін Түркі Кеңесінің туризм жөніндегі жұмысшы тобында қаралды. Оған туристік саланың жетекші компаниялары да қатысты. Барлығы да «Қазіргі заманғы Жібек жолы» деп аталған ортақ бағытты әлемдік саяхат нарығына шығаруды көздейді. Ол үшін Кеңеске мүше елдерге ортақ стратегиялық маркетингтің жол картасы жасалды. Одан басқа Түркияның мәдениет және туризм министрлігінің туристік сервистің сапасын жақсарту бойынша жасаған бағдарламасы таныстырылды. Жұмысшы топтың басқосуында мамандарға Оңтүстік Қазақстандағы саяхат бағыттары көрсетілді. Оған Алматы, Тараз, Түркістан мен Шымкент қалалары кірген. Туристік компаниялар болса, консорциум құру туралы меморандумға қол қойды. Абзал Сапарбекұлы, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі бас хатшысының орынбасары -Қазақстандағы Жібек жолындағы жол тораптары болсын, керуен сарайлар болсын, ескі қалалар болсын соларды көрсету. Және осы Жібек жолы бренді арқылы туризмнің басқа салаларын да дамыту. Табиғат туризмі, денсаулық туризмі, жастар туризмі.