Түрік жерінде айтулы оқиға болды (видео)
Түрік жерінде айтулы оқиға болды (видео)
3 жыл бұрын 1909 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жұқпалы індетке байланысты жарияланған пандемияға байланысты екі жыл бойы тоқтап қалған ерекше әрі елеулі шара жалғасын тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Sabah ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түркия астанасында атталған елдің дін істері жөніндегі басқармасы тағайындаған халықаралық мейірім сыйлығы берілді. Салтанатты кешке Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның өзі қатысып, аталмыш шараның маңызын арттырғандай болды. Аталмыш сыйлықты тағайындау арқылы қайырымдылық жобалар мен әлеуметтік мәселелерге былайға жұрттың назарын аудару мақсат етілген. Биыл бұл атаулы сыйлыққа Жүсіп Ислам есімді британдық танымал әнші, хақ жолға таяуда түскен америкалық Сираж Уаһкай, бұрынғы  түрік моделі Гамше Өзшелік, мешітті жұмыс істетін ұста Әлі Өндір және имам Ахмет Айдемир лайық деп танылыпты. Қандай еңбектері үшін? Жүсіп Ислам өзінің қоры арқылы әлемнің әр түкпіріндегі мұқтаж жандарға азық-түлік пен тұрмыстық заттар жеткізетін «Әлем пойызы» жобасы мен ауызсумен қамтамасыз еткені үшін марапатталса, Нью-Йорк мегаполисінің тұрғыны Сираж Уаһкай Бурклиндегі дүкенін намазхана ретінде пайдалануға бергені үшін ие болған. Ал Гамше Өзшелік түрік қоғамында қайырымдылық істерімен бұрыннан танымал тұлға. Камерунде құдық қазып, Сириядағы жетімдерге көмек қолын созғаны үшін марапатталды. Осы сыйлыққа лайық деп танылғандар арасындағы жасы ең үлкені – 88 жастағы Әлі Өндір шебер Түркиядағы мешіттерге мінберді ақысыз-пұлсыз, тегін жасап беріп келеді. Неушехир провинциясына қарасты мешіттердің бірінде имам болып істейтін Ахмет Айдемир  балалармен жұмыс істегені үшін осы сыйлыққа ие болды. Ол балаларды мешіт айналасында тал егуге, гүлмен көмкеруге жұмылдырған әрі ммешіт асханасын сатып алып, мұқтаждарға тегін ас-ауқат таратады.

 

0 пікір
Мұрағат