Тұңғыш қазақша «Зерде» смартфоны қазақ баласын Гиннесс рекордтар кітабына енгізді
Тұңғыш қазақша «Зерде» смартфоны қазақ баласын Гиннесс рекордтар кітабына енгізді
10 жыл бұрын 6544 massaget.kz/

Тұңғыш қазақша «Зерде» смартфонын насихаттау үшін 21 жастағы Қуанақын Серікұлы есімді азамат дүниедегі ең ірі көшпелі құмды шөл Такла-Маканды жаяу кесіп өтіп, Гиннесс кітабына енді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Такла-Макан – ҚХР-да орналасқан Сахара шөлінен кейінгі екінші ірі құмды шөл және әлемдегі ең үлкен көшпелі шөл. Шығыстан батысқа қарай ұзындығы 1000 шақырым, солтүстіктен оңтүстікке қарай кеңдігі 400 шақырымды құрайды. Қуанақын Серікұлының «Ажал теңізі» деп аталатын құмды шөлдегі сапары 560 шақырымға созылған.


Үстіміздегі жылдың 26-шы маусымында басталған сапарға «Зерде» смартфонын өндіруші «Алтын сақа» компаниясы демеушілік жасаған.

а

"Гиннесс рекордын тіркеуге екі адам ілесіп отырды", – дейді шараны ұйымдастырушы, «Зерде» жобасының жетекшісі Ақытбек Шеризатұлы.

«Жалпы барысқа 215 сағат, 30 минут уақыт кетті, бұл 2010 жылы Қалибек Озатұлы есімді азаматтың Такла-Макан шөлін 238 сағат 51 минутта кесіп өту рекордын жаңартты. Біз Қуанақын Серікұлына ақ және қара түсті екі «Зерде» смартфонын сыйға тарттық және бүкіл шараға кеткен шығынды өтедік», – дейді Ақытбек Шеризатұлы.

ва

Меллат Сейфоллаұлы, IT маманы, «Зерде» жобасының бағдарламалық жетекшісі:

«Бұл жоба тек Андроид жобасын қазақшаға аудару емес, оған көптеген өзгеріс енгізілді, көптеген мазмұн қостық және жасыл энергия арқылы қуаттандыру мүмкіндігін қостық. Біз смартфонның мәзіріне, ішкі келбетіне жалаң ұлттық түс беріп қана емес, осы заманауи технология арқылы біздің ұлттық мұраларымызды да насихаттап отырмыз. «Зердені» жасауға бір жыл уақытымыз кетті. Біз смартфонды бүгінгі қоғамдық ортаға ыңғайлап, зиялы қауым өкілдерімен кеңесіп, түрлі қоғамдық пікірлер, сауалнамаларға негізделіп жасадық. Осы күнге дейін жарық көрген көптеген смартфонда бар барлық артықшылықты «Зердеге» топтастырдық. Тіпті, көлікте отырып та оны алыстан меңгере беруге болады. Сонымен бірге, телефонның жадына жас ұрпақ үшін қазақтың 80-ге жуық халық ертегісін қостық, қазақтың таңдамалы 100 әнін мәтінімен бірге көрініп тұратын етіп жасадық. Және осы күнге дейінгі барлық қазақша қосымшаны ішіне қондырдық».

ва
Осыған дейін ҚазНетте тұңғыш қазақша смайликтерді жасап, оны Massaget.kz сайтына ұсынған Меллат Сетерханұлының «Зерде» смартфон жобасының көркемдік жетекшісі болып жұмыс атқаратыны да бізді қуантты.

Жоғарыдағы суретте 2010 жылы жасалған Гиннесс рекордының сертификаты бейнеленген. Қуанақын Серікұлы жаңартқан рекордтың сертификаты бір айдан кейін қолға тиеді дейді ұйымдастырушылар.

Төмендегі суреттерден Zerde смартфонымен, оның ішкі келбеттерімен таныс бола аласыздар:

пр

жэ

ол

ава

вава

вва

Естеріңізге сала кетелік, бұған дейін Массагет сайты Қытай елінде тұратын қазақтардың "Zerde" деп аталатын смартфон жасап шығарғанын айтқан болатын.

Арнайы Массагет үшін: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: Ақытбек Шеризатұлының жеке мұрағатынан

Дереккөз: www.massaget.kz

3 пікір
  • Жазбаны жариялағандарыңыз үшін алғыс. Бірақ, жазба соңына Массагеттегі түпнұсқа мақалаға кері сілтеме қоюларыңызды сұраймын.
    10 жыл бұрын
  • Zerde смартфоны Қазақстанда сатылады ма? Бағасы қанша?
    10 жыл бұрын
  • Сілтеме, сілтеме деп қатты сілтеп жіберіп жатқан жоқпыз ба. Соншама тықыр таянатын не бар? Басқа басқа, сайт әкімшілігі қиянат етпес. Сабыр қылыңыз.
    10 жыл бұрын
Мұрағат