Түнгі жарық күйзелістің пайда болу қатерін 30%-ға арттырады
Түнгі жарық күйзелістің пайда болу қатерін 30%-ға арттырады
1 жыл бұрын 914 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түнде шектен тыс жарық психикалық аурулардың даму қатерін арттырғанымен күндіз керісінше әсер етеді. Монаша университетінің ғалымдары әлем бойынша бұл бағытта аса ауқымды зерттеу жүргізіп, осындай қорытындыға келіп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Талдау нәтижесі көрсеткендей, түнгі мезгілдегі жарық, соның ішінде жасанды жарық биологиялық ырғақты (циркадты уақыт) жаңылдырып, күйзеліске және өзге де психикалық ауытқуларға бой алдыру қатерін 30%-ға арттырса, ал күндізгі жарық (табиғи) бұл қауіпті 20%-ға азайтатын болып шықты. Ғалымдар Британ биологиялық банктен 86772 мың адамның мәліметтерін зерделеген, соның ішінде тәуліктің әр мезгіліндегі жарықтың адамның ұйқысына, дене белсенділігіне, т.б. әсерін сараптамадан өткізген.

0 пікір
Мұрағат